Abstract
Бұл мақалада "NEUROGYM" – нейрогимнастикалық сайтының үштік одақ үшін маңызы туралы айтылған. Зерттеу жұмысының мақсаты – балалар мен жасөспірімдердің когнитивтік қабілеттерін дамытуға бағытталған "NEUROGYM" – нейрогимнастикалық сайтын әзірлеу және оның үштік одақ (ата-ана, оқушы, мұғалім) жүйесі үшін тиімділігін бағалау. Жобаның негізгі идеясы – цифрлық технология мен нейропсихологиялық әдістерді біріктіру арқылы оқушылардың оқу процесіне деген қызығушылығын арттырып, зейін, жады, логикалық ойлау және моторика секілді танымдық қабілеттерін жетілдіру. Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы – нейрогимнастиканың сандық форматта жүзеге асырылуы және оны білім беру жүйесіне интеграциялау тәсілдерінің ұсынылуы. Практикалық маңыздылығы – сайттың қолдануға ыңғайлы интерфейсі мен түрлі жаттығулар арқылы кез келген пайдаланушы топтары үшін қолжетімділігінде. Зерттеу әдістемесіне сайтты пилоттық түрде сынау, сауалнама жүргізу, педагогтер мен ата-аналармен сұхбат алу және нәтижелерді салыстырмалы талдау әдістері енгізілді. Зерттеудің негізгі нәтижелері: қатысушылардың көпшілігі сайттың когнитивтік даму мен ынтаны арттыруда оң әсерін байқағанын көрсетті. Оқушылардың зейіні мен есте сақтау қабілеті жақсарғаны анықталды. Жүргізілген зерттеу "NEUROGYM" сайтының білім беру процесінде қолжетімді әрі тиімді құрал бола алатынын дәлелдеді. Бұл ресурс оқушылардың танымдық дамуымен қатар, ата-аналар мен мұғалімдер арасындағы өзара әрекеттестікті нығайтуға ықпал етеді. В этой статье говорится о значении "NEUROGYM" – нейрогимнастического сайта для тройственного союза. Цель исследовательской работы – разработка нейрогимнастического сайта "NEUROGYM", направленного на развитие когнитивных способностей детей и подростков, и оценка его эффективности для системы Тройственного союза (родитель, ученик, учитель). Основная идея проекта-повышение интереса учащихся к учебному процессу путем сочетания цифровых технологий и нейропсихологических методов, совершенствование познавательных способностей, таких как внимание, память, логическое мышление и моторика. Научная новизна исследовательской работы-реализация нейрогимнастики в цифровом формате и представление подходов к ее интеграции в систему образования. Практическая значимость заключается в том, что сайт доступен для любых групп пользователей благодаря удобному в использовании интерфейсу и различным упражнениям. В методику исследования были включены методы пилотного тестирования сайта, проведения опросов, интервью с педагогами и родителями и сравнительного анализа результатов. Ключевые результаты исследования: большинство участников показали, что сайт оказал положительное влияние на когнитивное развитие и повышение мотивации. Было обнаружено, что у учащихся улучшилось внимание и память. Проведенное исследование доказало, что сайт "NEUROGYM" может быть доступным и эффективным инструментом в образовательном процессе. Этот ресурс, наряду с познавательным развитием учащихся, способствует укреплению взаимодействия между родителями и учителями. This article discusses the importance of the "NEUROGYM" – neurogymnastic site for the triple union. The purpose of the research work is to develop a NeuroGym – neurohymnastic site aimed at developing the cognitive abilities of children and adolescents and evaluate its effectiveness for the system of triple union (parent, student, teacher). The main idea of the project is to increase students ' interest in the learning process by combining digital technology and neuropsychological methods, improve their cognitive abilities, such as attention, memory, logical thinking and motor skills. The scientific novelty of the research work is the implementation of neurohymnastics in digital format and the presentation of approaches to its integration into the educational system. The practical significance lies in the fact that the site is accessible to any user groups through an easy-to-use interface and various exercises. The research methodology included methods of pilot testing of the site, conducting surveys, interviewing teachers and parents, and comparative analysis of the results. The main results of the study: the majority of participants showed that the site had a positive effect on cognitive development and increased motivation. It was found that the students ' attention and memory improved. The conducted study proved that the site "NEUROGYM" can be an affordable and effective tool in the educational process. This resource, in addition to the cognitive development of students, contributes to the strengthening of interaction between parents and teachers.