МӘДЕНИ БІРЕГЕЙЛІК ГЕНЕЗИСІ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ: ОТАНДЫҚ ҒАЛЫМДАР ТҰЖЫРЫМДАРЫ МЫСАЛЫНДА

2025

Closed access Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.52536/2788-5860.2025.86.2.001
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Бұл мақалада отандық ғалымдардың тұжырымдарын ескере отырып, мәдени бірегейлік генезисі және ерекшеліктері теориялық негізде талданды. Мәдени бірегейлікті анықтаудың түрлі теориялық тәсілдері, оның қалыптасуының негізгі кезеңдері, сондай-ақ мәдени бірегейліктің қалыптасуы мен өзгеруіне саяси, тарихи және әлеуметтік-мәдени процестердің әсері айқындалды. Отандық ғалымдардың зерттеулері мысалында қазіргі қоғам ахуалында мәдени бірегейлік туралы идеялардың ерекшеліктері талданды. Мәдени бірегейлікті қалыптастырудағы этномәдени білімнің рөлін көрсете отырып, әралуандылық пен интеграцияның мәдени бірегейлікке төрт негізгі ықпалы анықталып, талқыланды. Мақалада көркемдік сана мен мәдени бірегейлік арасындағы айырмашылықтар қарастырылып, әрқайсысына тән белгілер ұсынылды. Диаспоралардың мәдени бірегейлікті сақтау қабілетіне назар аударылды. Сонымен қатар, зерттеуде діни бірегейлік, исламтану, ұлттық асхана, этникалық стереотиптер және ғылыми жүйе секілді мәдени бірегейлікке әсер ететін түрлі аспектілер қарастырылды. Scopus деректер базасында «сultural identity» кілт сөзімен индекстелген 13 ғылыми жұмыстың деректерін пайдалана отырып, мақала мәдени бірегейлікті қалыптастыруға және мәдени мұраны түсінуге әсер ететін негізгі факторларды анықтайды. Мақала қорытындысында мәдени бірегейлік ұғымына авторлық анықтама беріледі. Зерттеу мәдени бірегейліктің саясаттану, мәдениеттану және әлеуметтану аспектілерін анықтайды және оны осы салада әрі қарай зерттеу үшін пайдалануға болады.