АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ ТОПЫРАҒЫНЫҢ АУЫР МЕТАЛДАРМЕН ЛАСТАНУЫН ГАЖ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНЫҢ НЕГІЗІНДЕ БАҒАЛАУ

2025

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.26577/jgem20257727
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Бұл зерттеуде картографиялық әдістерді қолдану арқылы Ақтөбе облысының аумағында топырақтың ауыр металдармен ластану деңгейі зерттелді. Зерттеу барысында топырақтағы хром (Cr), никель (Ni), мышьяк (As), молибден (Mo), кобальт (Co), мырыш (Zn), қорғасын (Pb), мыс (Cu), кадмий (Cd) және бор (B) элементтерінің кеңістіктік таралу ерекшеліктері талданды. Геоақпараттық жүйе (ГАЖ) негізінде алынған мәліметтер негізінде ақпараттық-бағалау карталары жасалды. Зерттеудің негізгі мақсаты – аймақтағы өнеркәсіптік кәсіпорындардың топырақтың ауыр металдармен ластануына ықпалын бағалау. Осы мақсатта Дөң тау-кен байыту комбинаты, Мұғаджар ауданының тау-кен кәсіпорындары, Ақтөбе ферроқорытпа зауыты, сондай-ақ облыстың мұнай-газ кен орындарына жақын аймақтарда топырақ үлгілері алынып, зертханалық талдау жүргізілді. Алынған мәліметтер кері өлшенген қашықтық (Inverse Distance Weighted – IDW) интерполяция әдісі арқылы өңделді. Зерттеу нәтижелері аймақта ауыр металдардың жоғары концентрацияланған аумақтарын анықтауға мүмкіндік берді. Мұнай-газ өндірісі және тау-кен байыту комбинаттарының әсері байқалатын аймақтарда қорғасын (Pb), кадмий (Cd) және мырыш (Zn) элементтерінің концентрациясы жоғары екендігі анықталды. Сонымен қатар, жекелеген элементтердің кеңістіктік таралу заңдылықтарын сипаттайтын кешенді картографиялық модель әзірленді. Алынған нәтижелер stat.gov.kz сайтындағы ресми статистикалық деректермен салыстырылып, өнеркәсіптік ластану аймақтарының ерекшеліктері талданды. Зерттеу барысында өндірістік кәсіпорындарға жақын аудандардағы ауыр металдар концентрациясының ресми мәліметтермен сәйкессіздігі байқалды, бұл аймақтық мониторинг жүйесін жетілдіру қажеттігін көрсетед