Қазақстан бұқаралық коммуникация құралдарындағы билингвизм мәселелері

2025

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-7174-2025-151-2-95-107
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мақалада билингвизм терминіне түсініктеме беріліп, оның енуіне себеп болған әлеуметтік, саяси, мәдени жағдайлары талданды. Қазіргі қоғамда билингвизмнің кең таралуы этникалық және саяси факторлармен, сондай-ақ географиялық ұтқырлықпен түсіндіріледі. Жаһандану кезеңінде қоғамдық және қаржылық алғышарттар маңызды рөл атқарады, мұнда екі немесе одан да көп тілдерді білу оқуға түсу немесе басқа елде жұмыс істеу үшін қажетті шарт болып саналады. Халықтардың, тілдер мен мәдениеттердің араласуы бұрын-соңды болмаған ауқымға жеткен және бөтен мәдениеттерге төзімділікті тәрбиелеу, оларға деген қызығушылық пен құрметті ояту мәселесі бұрынғыдан да өткір болған қазіргі кезеңде мәдениетаралық қарым-қатынаста қостілділік ерекше маңызға ие болып тұр. «Билингвизм» термині екі латын сөзінен шыққан: («bi»-қос және «lingua»-тіл). Екі тілділік ұғымының өзі толық түсініксіз: арнайы әдебиеттерде оның анықтамалары бір-бірінен айтарлықтай ерекшеленеді. Билингвизм деп ақпаратты екі тілде де түсініп, еркін сөйлей алуы немесе бір тілде еркін сөйлеп, екінші тілде тек жауап қайтара алатындай тілдік дағдысы болуын айтады. Қостілділікті қазіргі жаһандану кезеңінде болуы тиіс құбылыс деп санауға болады.Сонымен қатар, билингвизмнің медиаға қатысы айтылып, таралу деңгейі анықталды. Дәстүрлі және жаңа медиакеңістіктің мүмкіндіктері сараланды. Мақаланың мақсаты – қазақтілді бұқаралық коммуникациядағы билингвизмнің көрінісін анықтап, деңгейін саралау. Дәстүрлі және интернет БҚК-дағы билингвизмдер мысалдар арқылы талданды. Зерттеудің нәтижесінде қазақ-орыс, қазақ-ағылшын билингвизмі анықталды. Әсіресе, қазақ-орыс билингвизмі барлық бұқаралық коммуникация құралдарында кездесетіні айқын. Себебі елімізде кейбір ресми іс-шаралар орыс тілінде жүргізіледі.