Қарахан мемлекетінің тарихнамасында Ш.Маржанидің алатын орны

2025

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2664-5157-2025-2-86-105
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Қазіргі уақытта орта ғасырлардағы Орталық Азияның X-XII ғасырлардағы саяси және мәдени тарихында маңызды орын алған, тарих ғылымында Қарахан әулеті мемлекеті ретінде белгілі түркі-мұсылман әулетінің тарихына қатысты көптеген зерттеулер жүргізіліп келе жатыр. Қарахан әулеті туралы алғашқы ғылыми зерттеулер Батыста XVIII ғасырда пайда бола бастады. Алайда ортағасырлық араб дереккөздерінің жеткіліксіздігі бұл зерттеулердің толыққанды жүргізілуіне кедергі келтірді. Жалпы алғанда, бұл еңбектер әулет билеушілерінің шығу тегін сипаттаумен ғана шектелді. Бұл мемлекеттің саяси тарихы мен діни сенімдерінің эволюциясы толық зерттелмеген еді. Сондай-ақ, Қарахан әулеті билеушілері соқтырған, XIX ғасырдың басында Ресей империясының кейбір нумизматтары зерттеген теңгелер секілді заттық мәдениет те жеткілікті деңгейде зерттелмеді.Қарахан әулеті билеушілерінің өмірі мен тарихына қатысты зерттеулерде көбінесе Х.М.Френ, Ш.Ш.Уәлиханов, В.В.Григорьев, В.В. Бартольд сияқты ғалымдардың еңбектері кеңінен пайдаланылып және қолданылып келеді. Алайда ұзақ уақыт бойы XIXғасырдағы белгілі татар тарихшысы, ағартушысы және ойшылы Шиһабуддин Маржанидің Қарахан әулеті мемлекетінің тарихын зерттеп, бұл туралы жазған «Гурфат ал-хевакин ли арфати әлхавакин» атты еңбегі ғалымдардың назарынан тыс қалып келді. Бұл көлемі шағын, бар болғаны 33 беттен тұратын кітапта X-XIIғасырлардағы Орталық Азияның саяси тарихы баяндалып, сонымен қатар Қарахан әулеті мемлекетінің қызметі мен аймақ тарихына қатысты мол мәліметтер жинақталған. Айта кету керек, Ш.Маржанидің бұл еңбегі ұзақ уақыт ұмыт қалды (оған себептердің бірі ретінде В.В. Бартольдтың «Моңғол шапқыншылығы дәуіріндегі Түркістан» атты еңбегінің жарық көргені айтылады) және татар тарихшысының идеялары салыстырмалытүрде тек жақында ғана ғылыми айналымға ене бастады.Зерттеу барысында мақала авторлары Қарахан әулеті мемлекетінің тарихына арналған Батыс ғалымдарының, атап айтқанда Йозеф де Гинь, Х.Д. Френ, К.И. Торнбергжәне басқа да зерттеушілердің еңбектерін қарастырып, оларды сыни талдаудан өткізеді. Ш. Маржанидің «Гурфат ал-хевакин ли арфати әл-хавакин» еңбегінің өзектілігі мен құндылығын атап өте отырып, мақала авторлары ортағасырлық Қарахан әулеті мемлекетінің тарихын зерттеудегі көптеген олқылықтар осы еңбекте көріністапқанын және Ш. Маржанидің еңбегі Қарахан әулеті мемлекетінің тарихнамасына сөзсіз зор үлес қосатынын алға тартады.