Abstract
Мақалада мектеп оқушыларының оқырмандық мәдениетін қалыптастыру мәселесі қарастырылды. Оқушылардың оқырмандық мәдениетін қалыптастыру жүйелі әдістемелік жұмысты талап етеді. Мақалада мектеп оқушыларының оқырмандық мәдениетін қалыптастырудың теориялық негіздері мен практикалық жүйесі зерттеу нысанына алынды. Бүгінгі таңда мектеп оқушысын рухани тұрғыдан толыққан, сауатты, парасатты, мәдениетті жеке тұлға ретінде қалыптастырудың басты шарты оның оқырмандық құзіреттілігі екендігі көрсетіледі. бүгінгі күні мемлекеттік тілде білім беретін мектеп оқушысының өз ана тілін еркін меңгере алмауы, өз ана тілінде ойын толық жеткізе алмауы үлкен мәселеге айналып отырғаны көтерілді. Бұл проблеманы шешудің ең ұтымды жолы оқушының өз ана тілінде кітап оқуы екені көрсетілді. Оқырман-оқушы-тұлға әдеби даму мәселелеріне арналған отандық және шетелдік әдіскер ғалымдардың зерттеу еңбектері қарастырылды.