Қазақ-Қытай қатынасындағы инвестициялық саясаттағы сын-қатерлер мен тәуекелдерді құқықтық реттеу

2025

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.26577/jpcp202591111
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Бұл мақала Қазақстан мен Қытай арасындағы инвестициялық саясаттағы сын-қатерлер мен тәуекелдерді құқықтық реттеу тақырыбын зерделейді. Зерттеуде екі ел арасындағы инвестициялық ынтымақтастықтың дамуы, оның негізгі бағыттары және тиімділігі талданады. Мақалада инвестициялық ағындардың құрылымы, стратегиялық салалардағы инвестициялар және олардың екі елдің экономикасына тигізетін әсері қарастырылған. Сондай-ақ, Қазақстан мен Қытай арасындағы инвестициялық ынтымақтастыққа тән тәуекелдер мен сын-қатерлердің себептері мен салдарлары талқыланады. Мақалада инвестициялық жобаларға талдау жасалып, нақты кейс зерттеулері арқылы қазақ-қытай ынтымақтастығының табысты мысалдары көрсетілген. Бұдан басқа, зерттеуде инвестициялық қызметтің құқықтық реттеуі және халықаралық шарттардың рөлі сияқты мәселелер қозғалған. Мақала соңында авторлар Қазақстан мен Қытай арасындағы инвестициялық байланыстарды нығайту және екі елдің экономикалық дамуына оң ықпал етуге бағытталған ұсыныстар жасайды. Бұл мақалада Қазақстан мен Қытай арасындағы инвестициялық саясаттағы сын-қатерлер мен тәуекелдерді құқықтық реттеу тақырыбын талдау үшін келесі әдістемелік тәсілдер қолданылды: деректер талдауы: зерттеу барысында халықаралық келісімдер, Қазақстан мен Қытайдың заңнамалық базалары және экономикалық есептер сияқты түрлі дерек көздері қарастырылды; салыстырмалы талдау: Қазақстан мен Қытай арасындағы инвестициялық ынтымақтастыққа қатысты халықаралық тәжірибелер мен стратегиялар салыстырылып, олардың тиімділігі бағаланды; кейс зерттеулері: таңдалған нақты инвестициялық жобалар талданып, олардың әлеуеті мен ықтимал кедергілері анықталды. Түйінді сөздер: Қазақстан-Қытай ынтымақтастығы, инвестициялық саясат, тәуекелдер мен сын-қатерлер, құқықтық реттеу, стратегиялық салалар, халықаралық шарттар, инвестициялық климат