THE IMPACT OF DRAWING AND APPLIED ARTS ON CHILDREN WITH VISUAL IMPAIRMENTS

2025

Closed access Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.70239/arsu.2025.t79.n1.22
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Көру қабілеті бұзылған балалар әлемді танып-білу барысында көптеген қиындықтарға ұшырайды, бұл олардың когнитивті, эмоционалды және әлеуметтік дамуына теріс әсер етеді. Мұндай балалар үшін бейнелеу өнері мен қолданбалы өнердің үлкен маңызы бар, себебі олар көрнекі қабылдау қабілеттерін дамытып, басқа сезімдік арналарын белсендіруге мүмкіндік береді. Арт-терапия әдістері көру қабілетінің жетіспеушілігін өтей отырып, балалардың сенсорлық және эмоционалдық дамуына ықпал етеді. Мақалада Қазақстандағы арнайы мектептерде қолданылатын сәтті тәжірибелердің мысалдары келтірілген, оның ішінде тактильді карталар, рельефті үлгілер мен 3D технологияларды қолдану тәсілдері көрсетілген. Бұл әдістер балаларға көрнекі қабілеттерін дамытудың жаңа мүмкіндіктерін ұсынады. Психологиялық аспектілер де қарастырылып, шығармашылық іс-әрекеттің балалардың сенімділігін арттыруға, алаңдаушылықты төмендетуге және әлеуметтік бейімделуін жақсартуға көмектесетіні атап өтілген. Сонымен қатар, балалардың психоэмоционалдық жай-күйі мен әлеуметтік ортасы олардың дамуына ықпал ететін маңызды факторлар болып табылады. Зерттеу инклюзивті тәсілдің, білім беру бағдарламаларын бейімдеудің және ата-аналар мен педагогтардың ақпараттануын арттырудың маңыздылығын көрсетеді. Бұл тақырыпты зерттеу балалардың жан-жақты дамуына жаңа мүмкіндіктер ашады. Сонымен қатар, бұл жұмыс мектептер мен қоғамдық мекемелердің инклюзивті білім беру жүйесін жетілдіруге ықпал етеді