БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ BLOCKCHAIN ТЕХНОЛОГИЯСЫН ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН КОНТЕЙНЕРЛІК МОДЕЛЬ ҚҰРУ

2025

Closed access Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5894.2025.89.1.021
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Зерттеудің өзектілігі білім беру жүйесін трансформациялаудың жаңа бағыттарын айқындайтын блокчейн технологияларына негізделген автоматтандырылған контейнерлік модельдерді енгізумен анықталады. Блокчейн технологиялары білім беру процестерін басқарудың ашықтығын, қауіпсіздігін және тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда цифрлық технологиялар білім беру жүйесіне қарқынды түрде еніп, оқыту мен басқарудың дәстүрлі әдістерін өзгертіп жатыр. Осыған байланысты, білім беру саласындағы перспективалы бағыттардың бірі – блокчейн технологияларын пайдалана отырып, автоматтандырылған контейнерлік модельдерді әзірлеу және енгізу. Мұндай тәсіл білім беру ортасында жоғары деңгейдегі ашықтықты, қауіпсіздікті және тиімділікті қамтамасыз етіп, цифрлық трансформация талаптарына бейімделу үшін негіз қалыптастырады. Зерттеудің мақсаты – блокчейн технологияларын қолдану арқылы білім беру жүйесінде автоматтандырылған контейнерлік модель құрудың негізгі принциптерін кешенді түрде талдау және әзірлеу. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін білім беру жүйесіне арналған арнайы платформа жобаланды. Платформаның негізгі маңызы – электрондық мәліметтер базасын құру, білім беру процесінде қашықтықтан оқыту технологияларын тиімді пайдалану және желілік өзара әрекеттестікті оңтайландыру мақсатында орталықтандырылмаған мониторингті жүзеге асыру. Зерттеу нәтижелері оқыту үдерісін автоматтандыру мен оңтайландыруға бағытталған ақпараттық жүйені әзірлеудің мақсаттарын, міндеттерін және негізгі принциптерін айқындауға мүмкіндік береді. Бұл мақалада жоғары білім беру саласында блокчейн технологияларын қолданудың артықшылықтары қарастырылады, сондай-ақ операциялардың тиімділігі мен ашықтығын арттыру үшін оларды енгізу әдістері ұсынылады. Зерттеудің ғылыми жаңалығы білім беру қызметін қолдауға арналған ақпараттық құралдарды әзірлеу, олардың тиімділігін арттыру және дәстүрлі әдістерді жаңа цифрлық технологиялармен интеграциялау арқылы анықталады. Нәтижелерді талдау негізінде блокчейн технологияларын платформаны әзірлеу үдерісіне енгізудің мақсаттары айқындалды. Сонымен қатар, блокчейн технологияларын геймификация, үлкен деректерді өңдеу және жасанды интеллект құралдарымен біріктіру студенттер мен оқытушылардың мотивациясын арттыруға, оқу үдерісін оңтайландыруға және білім алушылардың жеке дамуы мен жетістіктеріне жағдай жасауға мүмкіндік береді.