ОРТА БІЛІМ БЕРУДЕ ДЕРБЕСТЕНДІРІЛГЕН ОҚЫТУ: ЖҮЙЕЛІ ӘДЕБИ ШОЛУ

2025

Closed access Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5894.2025.89.1.023
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

XXI ғасыр дағдыларын қалыптастыру –қазіргі білім берудің маңызды жаһандық міндеттерінің бірі. Бұл орта білім жетістіктері мен жоғары оқу орындарының талаптары, сондай-ақ жұмыс берушілер мен оқушылардың қажеттіліктері арасындағы алшақтықты жоюға бағытталған. Қазақстан Республикасының 2023–2029 жылдарға арналған білім беруді дамыту реформасының тұжырымдамасына сәйкес, білім беру процесі оқушылар мен олардың қажеттіліктеріне бағдарлануы тиіс. Мақалада дербестендірілген оқыту мен жасанды интеллекттің білім беру процесіне әсері қарастырылады. Оқушының мүмкіндіктері, жеке қызығушылықтары мен қажеттіліктеріне негізделген білім беру траекториясының табысты жұмыс істеу мәселесі дербестендірілген оқытуға көшу арқылы шешіледі. Бұл тәсіл оқушы мен мұғалімнің әрекеттерін өзгерту арқылы білім сапасын арттыруға ықпал етеді. Цифрлық технологиялар дәуірінде дербестендірілген оқыту білім беру саласыныңназарын аудартып, оқушылардың әртүрлі қажеттіліктерін қанағаттандыру, өзара әрекеттестікті нығайту және үлгерімдіарттыру үшін тиімді құралға айналды. Мақалада дербестендірілген оқыту мен жасанды интеллекттің ықпалына арналған жүйелі әдеби шолу ұсынылады.Зерттеудің мақсаты –орта білім беру жүйесінде дербестендірілген оқытудың тиімділігін, осы тәсілді жүзеге асыруда жасанды интеллект пен заманауи технологиялардың рөлін талдау және оларды білім беру жүйесіне интеграциялау бойынша нақты ұсыныстар әзірлеу. Зерттеу міндеттері дербестендірілген оқыту бойынша негізгі зерттеулерді талдау, оның артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау болып табылады. Зерттеу үшін PRISMA әдіснамасытаңдалып, 2014-2023 жылдар аралығындағы Scopus деректер базасындағы мақалалар қамтылды. Мақалада дербестендірілген оқыту әдістемесінің дамуының әртүрлі аспектілері, соның ішінде МООС курстары, интеллектуалды тәлімгерлік жүйелер, онлайн және бейімделген жүйелер, толықтырылған және виртуалды шындықты пайдалану қарастырылған. Зерттеу нәтижелері білім беру мекемелерінде дербестендірілген оқытуға көшудің жобалық жүйелерін әзірлеуде қолданылуы мүмкін.