Abstract
Дифференциалданатын функциялар кеңістіктерінің енулер теоремасы әртүрлі метрикалардағы функциялардың тегістік қасиеттерінің маңызды байланыстары мен қатынастарын зерттейді. Математикалық физиканың шектік есептер теориясында, жуықтау теориясында және аралас метрикасы бар Никольский-Бесовтың кеңістіктері үшін және Лоренцтің анизотропты кеңістіктері үшін ену теоремалары берілген. Ұсынылған жұмыста жоғарыда көрсетілген теоремалардағы параметрлердің жетілдірілмейтіндігі көрсетілді. Осыны көрсетуге біз сол жақтағы енулердегі кеңістіктер үшін шекті функцияларды құрамыз және олар оң жақтағы енулерде «сәл ғана жіңішкертілген» кеңістіктерде жатпайтындығы көрсетілген.