ПОЛИКОМПОНЕНТТІ ФИТОПРЕПАРАТТЫҢ ЖІТІ БРОНХИТПЕН АУЫРҒАН ҚОЗЫЛАРДЫҢ ҚАН САРЫСУЫ ҚҰРАМЫНДАҒЫ АҚУЫЗДАР МЕН ИММУНОГЛОБУЛИНДЕРДІҢ ДИНАМИКАСЫНА ӘСЕР ЕТУ ДИНАМИКАСЫ

2025

Closed access Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.52578/2305-9397-2025-1-1-28-38
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Ауылшаруашылығы төлдері арасында тыныстану жүйесі аурулары жиі таралған және шаруашылықтарға айтарлықтай экономикалық шығын келтіреді. Төлдердің тыныс алу жүйесі аурулары табиғаты бойынша полиэтиологиялық болып табылады. Көбінесе бұл аурулар тобы иммунитеті төмен төлдерде, қолайсыз факторлардың фонында, әртүрлі қоздырғыштардың әсерінен пайда болады: вирустар, бактериялар, микоплазмалар, хламидиоз, патогенді саңырауқұлақтар және олардың ассоциациялары. Көп жағдайларда бұл аурулардың туындауына төлдер ағзасының резистенттілігінің төмендеуі негізгі этиологиялық фактордың бірі болып табылады. Осы тұрғыдан төл ағзасындағы ақуыздардың және иммуноглобулиндердің деңгейінің төмендеуі өз кезегінде респираторлық аурулардың туындауына себепші фактор болып табылады. Сондықтан мақалада поликомпонентті фитопрепараттар қолдану арқылы жіті бронхит ауруына шалдыққан қозылардың қан сарысуы құрамындағы жалпы ақуыз, ақуыз фракциялары және IgG, IgM, IgА класына жататын иммуноглобулиндердің динамикасы зерттелінген. Зерттеулер жүргізу барысы нәтижесінде алынған деректер негізінде жіті бронхит ауруына шалдыққан қозылардың қан сарысуы құрамындағы иммуноглобулиндер мен жалпы ақуыз және ақуыз фракцияларының деңгейлері салыстырмалы тұрғыдан төмен болатындығы анықталды. Фитопрепараттардың әсерінен олардың деңгейі бақылау тобымен салыстырғанда айтарлықтай жоғарылайтындығы анықталды, мысалы, тәжірибе тобында фитоэкстрактінің әсерінен жалпы ақуыздың концентрациясы 16,5%, альбуминдер -21,5%, глобулиндер – 18,1% жоғары болды. Бақылау тобындағы қозылардың көрсеткіштерімен салыстырғанда да иммуноглобулиндердің концентрациясы тәжірибе тобында айтарлықтай жоғары болатындығы: IgA 18,2%, IgM -21,7%; IgG - 22,3%-ға дейін жоғарылайтындығы анықталды. Жүргізілген зерттеулер негізінде фитопрепараттарды қолдану жіті бронхитпен ауыратын қозылардың қан сарысуының құрамындағы иммуноглобулиндердің, жалпы ақуыздың және оның фракцияларын айқын ынталандырушы әсер етеді деп тұжырымдауға болады.