КӨКСЕРКЕ (SANDER LUCIOPERCA) ШӘУЕТІН КРИОКОНСЕРВАЦИЯЛАУ КЕЗІНДЕ КРИОПРОТЕКТОРЛЫҚ ОРТАЛАР МЕН КОНТЕЙНЕРЛЕРДІҢ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ

2025

Closed access Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.52578/2305-9397-2025-1-2-203-212
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Көксерке (Sander lucioperca) балығының табиғи популяциясының азаюына және жасанды көбейту қажеттілігінің барған сайын артуына байланысты шәуеттерді криоконсервациялау әдістерінің тиімділігін жетілдіруге бағытталған жұмыстардың өзектіллігі ерекше болып табылады. Зерттеудің мақсаты – әртүрлі криопротекторлық орталар мен контейнерлер түрлерінің көксерке балығының консервацияланған шәуеттерінің сапасына тигізетін әсерін бағалау. Зерттеу Берсуат су қоймасында уылдырық шашу кезеңінде ауланған көксерке аталықтарының шәуетіне жүргізілді. Құрамы әртүрлі екі криопротекторлық орта зерттелді: №1 орта (глюкоза 0,13 М, метанол 7,5%) және №2 орта (электролиттер кешені NaCl, KCl, CaCl₂, MgCl₂, NaHCO₃ және 18% ДМСО). Шәует 0,5 мл көлемді пластикалық түтікшелер мен эппендорфтарда мұздатылды. Еріткеннен кейінгі шәуеттердің қозғалғыштығы мен олардың белсенді қозғалыс уақыты бағаланды. №2 орта пластикалық түтікшелермен бірге ең жақсы нәтиже көрсетті: шәуеттердің қозғалғыштығы 52,2±1,44% және белсенді қозғалыс уақыты 180,6±1,52 секундты құрады. Эппендорфтарды пайдалану кезінде көрсеткіштер төмен болды: қозғалғыштық 41±1,2% және қозғалыс уақыты 121,4±1,68 секунд. №1 орта төмен тиімділік көрсетті: түтікшелерде қозғалғыштық 43,4±0,88%, қозғалыс уақыты 135,4±1,12 секунд; эппендорфтарда – 38,2±1,04% және 110±1,84 секунд сәйкесінше. №2 орта мен пластикалық түтікшелердің үйлесімі криоконсервациядан кейін көксерке шәуетінің сақталуының оңтайлы көрсеткіштерін қамтамасыз ететіні анықталды. Әзірленген хаттама жасанды көбейту бағдарламаларында және көксеркенің генетикалық ресурстарын сақтауда практикалық қолдануға ұсынылуы мүмкін.