Abstract
Мақалада көрсетілгендей қой сүтінің маңыздылығы жайында көрсеткіштері көрсетілген, зерттеу нысандары ретінде Қарағанды облысы аумағының қой сүттерінің көрсеткіштері берілген. Орталық Қазақстанның жері, шөбі, табиғатының қой сүтіне тигізетін әсерін, қойдың сүтін ветеринариялық санитариялық зерттеу арқылы анықтап ұсынылып отыр. Жалпы әлемнің көптеген елдерінде қой өндірісінің экономикалық тиімділігі жағынан, әсіресе жүн өндірісі кең белес алған. Қой өндірісіндегі сүт өнімі әлдеқалай жоғары. Греция, Испания, Франция, Португалия елдерінде өндірілетін қой сүтінің үлесі елдің жалпы өндірілен сүт үлесінің 15% құрайды, ал, Исландияда 30% жетеді. Әлемде ең көп тараған сүт тұқымдарының түрі: Шығыс фриз, лакон, авасси. Әлемдегі сүт шаруашылығында соңғы уақытта 10-15 жыл ішінде қой сүті үлесі Еуропа, Азия және Африка елдерінде елдерінің едәуір бөлігі үшін қой сүті мен одан жасалған тамақтар дәстүрлі тағам өнімдері болып саналады. Мәселен, ФАО деректері бойынша 2016 жылдардағы қой сүтінің жалпы 10,4 млн.т-ға саны жетті, 1993 жылмен салыстырғанда 31,5% - ке ұлғайған. Сүт және сүт өнімдерінің маңызы тағаммен қамтамасыз ететін қой сүті екінші орын алады. Сондықтан қой сүтті шаруашылығын дамыту, сүт өндірісін ұйымдастыру макро және микро экономиканы сапасын жақсарту, шикізаттың қасиеттерін дамыта отырып, әртүрлі сүт өнімдерін дайындау технологияларын игеру, малшылардың, мал мамандарының басты міндеті болады