Abstract
Мақалада қойлардың мінез-құлықтың типологиялық құрылымы және және дағдының қалыптасуызерттелінді.Типологиялық құрылымында - мінезі «жуас, жылдам рефлексті» I топтағы қойлар үлесі - 31,7% құрады, II топта «сабырлы, баяу рефлексті» -43,3%, ал үшінші топта «үркек, өте баяу рефлексті» - 25,0% болды. Жалпы алғанда, қойлар ішінде «сабырлы, баяу рефлексті» топ үлесі жоғары болды.Осы жүргізілген хронометраждық өлшеулер нәтижесі, әр түрлі мінез-құлық типіндегі қа ракөл қойлары жайылым жағдайында уақыттарын бірдей пайдаланбайтынын көрсетті.Мұнда жайлымды ең тиімді пайдаланатын I-типте гі малдар ие болса , ал ең төменгі бе лсенділік -III типтегі малдарда болатыны анықталды. Жайлымды берілген уақытта ең тиімді пайдаланған бірінші топтағы малдар. Осы топтағы қойлар орта есеппен белгіленге н (60 мин) уақыттың 91,7% (55 мин) жайылуға арнаса , жүруге кеткен уақыт небары 8,3% (5 мин) құрады. 3 топтағы малдар жайлымдағы уақыттарын тиімсіз пайдаланатыны байқалды. Жуас мінез-құлық типке жатқызылған малдардың қозғалысы баяу, көбінесе дене бітімде рі домаланып келіп, тез семіруге бейім болып келеді. Бұл осы типте гі малдардың ағзасында жүретін зат а лмасу проце стеріне тиісті деңгейде өз әсерін тигізеді. Тәжірибелік мал топта рының функционалдық белсенділік көрсеткіштерін зе рттеу нәтижесенде Iтипке жатқызылған қойларда азықтану проце сіне 69,3-75,9% уақыттарын арнайтыны байқалады. III типке жатқызылға н өте асау, үркек малдарда жайылу, күйіс қайыру әрекетіне 60,7-60,9% уақыттарын жұмсады . Құдық басына келген мұндай малдар қанша шөлдеп тұрса да, астаудан бірде н су ішпей айнала жүгіріп, бастапқы келге н қойла р су ішіп болғаннан кейін ғана су ішті. Мұнда міне з-құлықта рдың тұқымқуалау көрсеткішінің жоғары деңгейі -70,6% I–топтағы малдарда екені анықталды. Мінез-құлық тұқымқуалау көрсеткіші бойынша II-топқа жатқызылған қойлардың ұрпақта рындағы - I типте гі қозылардың үлесі 39,8%, II-типтегі қозылардың үле сі – 39,8% және III типтегі қозылардың үлесі 20,4% құрады. Тәжірибе деректерге сүйеніп, шаруашылыққа өте қолайлы, мінез-құлықтары тұрақтанған I типке жатқызылған қойлар.