ТАУЫС ҚҰС ТУБЕРКУЛЕЗІНІҢ ПАТОМОРФОЛОГИЯСЫ

2024

Closed access Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.52578/2305-9397-2024-1-1-84-93
Data confidence 85 high
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мақалада, 2021 жылы Алматы қаласына жақын орналасқан елді мекенде, қызығушылық мақсатымен аула жағдайында өсірілген тауыс құстар арасында созылмалы ауруға шалдығып, өлген 6-бас тауыс құстарды сойып-зерттеу нәтижелері берілген. Өлген тауыс құстар соңғы айларда қатты жүдеп кеткен, олар аз қозғалған және іші өткен. Зерттеу нысандары ретінде жеке меншік иелігіндегі 3 жастағы 6 тауыс құсының өлекселері патологиялық-анатомиялық тәсілімен сойып зерттелген. Тауыс құс өлекселерін сойып зерттегенде, бірінші кезекте көзге ілігерлік өзгерістер ас қорыту мүшелерінде байқалды. Барлық сойып зерттелген тауыс құстардың тұрақты түрде бауыры, көкбауыры және ішектері зақымдалған. Олар ісікке ұқсаған, ішектің қабырғасына және шажырқайға жабысып орналасқан, әртүрлі көлемді және пішінді сарғыш түсті түйіндер түрінде кездесті. Гистологиялық зерттеулерге бауыр, өкпе, аш және тоқ ішектер, бүйрек, жүрек кесінділері алынып, 10% - формалин ерітіндісінде бекітілді. Оларды парафин-целоидинде нығыздап, жартылай автоматтандырылған HEOTION ERM 3100 микротомы арқылы қалыңдығы 5-7 мкм болатын жұқа тілінділер алынды. Тілінділер заттық шыныға бекітіліп, гематоксилин-эозин бояуымен боялды. Гистологиялық препараттар сандық микроскоппен зерттелініп суреттерге түсірілді. Зерттеу нәтижесінде құстар туберкулезіне тән макроскопиялық өзгерістер аш және соқыр ішекте, бауырда және көкбауырда туберкулдердің түзілуімен анықталды. Гистологиялық зерттеулер кезінде, барлық зақымдалған мүшелер түрлерінде түзілген туберкулдердің микроскопиялық құрылымы бірдей және туберкулезге тән болғаны анықталды.