ДӘРІЛІК ӨСІМДІКТЕРДЕН ДАЙЫНДАЛҒАН ТҰНБАЛАРДЫҢ ДИСПЕПСИЯҒА ШАЛДЫҚҚАН БҰЗАУЛАРДЫҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ БИОХИМИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІНЕ ӘСЕРІ

2023

Closed access Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.52578/2305-9397-2024-2-1-140-149
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Аннотация Жаңа туылған бұзаулардың ас қорыту жүйесінің аурулары арасында ең көп таралғаны диспепсия ауруы болып табылады. Олар мал шаруашылықтарында кең таралған және жаңа туылған бұзаулардың өліміне, олардың дамуының кешеуілдеуіне, дене салмағының өсуінің баяулауына және емдеу-алдын алу шараларына байланысты үлкен экономикалық шығын келтіреді. Сондықтан антибиотиктерге балама препараттарды қолдана отырып, жас бұзаулардың асқазан-ішек ауруларының алдын алу мен емдеудің жаңа схемаларын әзірлеу және жетілдіру ветеринария ғылымы мен практикасы үшін өте маңызды болып табылады. Осы тұрғыдан уыттылығы төмен, биожетімділігі жоғары, кең спектрлі әсер ететін және емдік әсердің поливаленттілігі жоғары болатын фитопрепараттарды пайдалану қазіргі таңда перспективалы бағыттың бірі болып есептеледі. Мақалада емдік қасиеті жоғары болатын өсімдіктер алынып, олардан зертхана жағдайында белгілі арақатынаста дәрілік тұнбалар дайындалды. Сынақ тобындағы бұзаулар 4 топқа бөлініп, өсімдіктерден дайындалған тұнбалар қанның морфологиялық және биохимиялық көрсеткіштеріне жеке-дара және кешенді түрде зерттелінді. Алынған зерттеу деректері дәрілік өсімдіктер тұнбаларының қанның морфологиялық және биохимиялық көрсеткіштерге айтарлықтай қуаттандырып әсер ететіндігі анықталды. Қолданылған тұнбалардың әсерінен диспепсиямен ауырған бұзаулар қанының морфологиялық көрсеткіштерінің динамикасында оң өзгерістер туындайтындығы белгілі болды. Неғұрлым жоғары көрсеткіштер тұнбаларды кешенді түрде қолданылған тәжірибе тобында тіркелді. Зерттеу жүргізудің 5, 10, 15-тәуліктерінде фондық көрсеткішпен салыстырғанда эритроциттердің концентрациясы орташа есеппен 15-21%, лейкоциттер - 8-16%, гемоглобин - 17-25%, кальций - 7-16%, бейорганикалық фосфор - 5-9%-ға дейін жоғарылағандығы анықталды. Көрсеткіштер салыстырмалы бақылау тобынан да айтарлықтай жоғары болатындығы дәлелденді