Құрылыс бизнесіндегі экономикалық қауіпсіздікті есептік-аналитикалық қамтамасыз етудің негізгі компоненттері

2025

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2789-4320-2025-1-276-291
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Жер-жаhанның экономикалық ахуалын жақсартуда оның ішінде бизнестің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету оның табыстылығы маңызды аспект болып табылады. Мақаланың мақсаты - бухгалтерлік қамтамасыз етудің авторлық көзқарасын және құрылыс бизнесінің экономикалық қауіпсіздігін есептік-аналитикалық қамтамасыз етудің негізгі құрамдас бөліктерін зерттеу. Экономикалық қауіпсіздік құрылыс бизнесінде есеп пен аналитикалық қамтамасыз ету бизнеске қаржылық шығындар тәуекелдерін азайтуға, бәсекеге қабілеттілік пен іскерлік қызметінің тиімділігін сақтауға мүмкіндік беретін білдіреді. Бухгалтерлік-талдамалық қамтамасыз етуді пайдалану бизнестің құрылыстағы экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды құралы болып табылады. Мақалада бизнестің экономикалық қауіпсіздік деңгейін арттыру үшін бухгалтерлік және аналитикалық қамтамасыз етудің негізгі құрамас бөліктері қарастырылады. Зерттеу әдістемесі ыңғайлы іріктеуге негізделген және ҚР бойынша Астана қаласын қамтиды. Астанада орналасқан құрылыстағы бизнесмендер есепті-талдаудағы экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде негізгі құрамдас бөліктердің пайдалылығына қатысты әдемі әзірленген сауалнама жасалды. Құрылыстағы бизнестің тек саны 73 ғана онлайн-платформа арқылы өз пікірлерін білдірді. Содан кейін деректер сипаттамалық статистика, Корнбах-Альфа, корреляция және дисперсиондық талдау арқылы талданды. Зерттеудің өзіндік ерекшелігі экономикалық қауіпсіздікті есепті-аналитикалық қамтамасыз ету бизнестегі бірнеше негізгі құрамдас бөліктерге айтарлықтай әсері барын көрсетті. Экономикалық қауіпсіздікті есепті-талдауды қамтамасыз етудің негізгі компоненттері бизнесмендерге олардың басқарушылық шешім қабылдауда айтарлықтай көмектеседі. Зерттеу көрсеткендей, бизнестегі экономикалық қауіпсіздік үдерісі экономикалық қауіпсіздіктің негізгі компоненттерімен тығыз байланысты. Талдаудың барлық дерлік мәндері 50 %-дан жоғары болды, ол экономикалық қауіпсіздікті есепке алу-аналитикалық қамтамасыз етудің негізгі компоненттері арқылы берілген ақпарат, кәсіпкерлерге құрылыста пайдалы болғанын көрсетті. Зерттеу нәтижесі кәсіпкерлерді басқарудың негізделген шешімін қабылдау үшін бухгалтерлік және аналитикалық қамтамасыз етудегі ақпаратты пайдалануға итермелейді. Зерттеу Қазақстан Республикасының шектеулі аумағын ғана қамтыды, бизнес үшін экономикалық қауіпсіздікті есептік-талдамалық қамтамасыз етудің пайдалылығының нақты сценарийін барынша анықтауға биімдедік.