Abstract
Позитивті психология мен діннің байланысы қазіргі заманғы психологияда маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Позитивті психология адамның мықты қырларына назар аударып, оның психика- лық әл-ауқаты мен өмір сапасын жақсарту мен бақытқа жетуге көмек- тесуді мақсат етеді. Бұл ғылым адам өміріндегі жағымды эмоцияларын, қарым-қатынасын, мақсатқа жету және қанағаттану сезімдерін зерттей- ді. Ал дін, оның ішінде Ислам діні, адамның рухани дамуы мен ішкі ты- ныштығын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Сенім мен бақыт арасындағы байланыс адам өміріндегі қанағаттану деңгейіне, психологи- ялық тұрақтылық пен мағынасына терең ықпал етеді. Исламдағы сенім мен рухани құндылық, сондай-ақ позитивті психологияның адамды қол- дау және жағымды аспектілерін дамыту тәсілдері психологиялық денсау- лықты жақсартуға ықпал етеді. Осы екі бағыт арасындағы үндестік адам- ның толыққанды өмір сүруіне көмектеседі. Мәселен, Исламда сабырлық, ризашылық, дұға мен үміт адамға қиындықтарды жеңуге, стрестен арылуға және рухани тыныштыққа жетуге көмектессе, позитивті психологияда бұл қасиеттердің барлығы маңызды элементтер болып табылады. Мақалада талданатын зерттеу әдістері, негізінен, позитивті психология мен діннің байланысын зерттеуге бағытталған әртүрлі психологиялық және социо- логиялық әдістерді қамтиды. Талданатын авторлар мен зерттеушілердің ішінде, әсіресе Мартин Селигман, Питер Л. Харрис, Роберт Эммонс және Ма- лик Бадри сияқты тұлғалар белгілі. Зерттеулер көрсеткендей, адам өмірін- де қиындықтарды жеңу үшін ішкі күштерін, сенімдерін және рухани құн- дылықтарын пайдалану арқылы психологиялық денсаулығын нығайтады.