Abstract
Бұл мақалада сөйлеу тілі жалпы дамымауы бар балалардың сөйлем құрау дағдыларының қалыптасу ерекшеліктерін қарастыру арқылы, мектеп жасына дейінгі сөйлеу тілі жалпы дамымаған IV деңгейдегі балалардағы сөйлем құрауда болатын қиындықтардың алдын алу және жалпы сөйлем құрау дағдысын дамыту мақсатында мнемотехника құралдарын қолдану мәселесі қозғалады. Сөйлем құрау бұл күрделі психолингвистикалық үдеріс, ол когнитивті, грамматикалық, лексикалық және моторлы дағдыларды қажет етеді. Және сөйлеу тілінің толыққанды қалыптасуы үшін маңызды орын алады. Мақалада бұл дағдыларды дамыту бірнеше кезеңдерге бөлініп сипатталады. Мнемотехниканың сөйлеу дағдыларын дамытудағы рөлі мен маңызы қарастырылып, қазіргі арнайы педагогикадағы мнемотехниканың өзектілігі талданады.