Діни бірегейліктің қалыптасуына әсер ететін психологиялық себептер: теориялық талдау

2025

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.26577//ejrs20254112
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Бұл зерттеуде адамның діни сенімдерін, көзқарастарын және мінез-құлық ерекшеліктерін қалыптастырудағы психологиялық себептер қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – діни бірегейліктің қалыптасуына ықпал ететін психологиялық факторларды зерттеу және олардың өзара байланысын талдау. Жұмыс діни, психологиялық және әлеуметтік тұрғыдан діни бірегейліктің негіздерін ашуға арналған. Психологиялық теориялар мен концепцияларды қолдану арқылы діни бірегейліктің қалыптасуына әсер ететін негізгі себептер мен факторларды жүйелі түрде талдайды. Талдау нәтижелері діни бірегейліктің жеке тұлғалық дамуға, әлеуметтік өзара әрекетке қалай ықпал ететінін түсінуге мүмкіндік береді. Зерттеудің теориялық негізі ретінде жеке тұлғаның психологиясы, даму психологиясы және әлеуметтік психологияның принциптері алынады. Діни бірегейліктің қалыптасуында адамның сенім жүйелері, эмоциялар, әлеуметтік байланыстар мен мәдени ықпалдар қарастырылады. Діни сенімдер мен құндылықтардың адамның тұлғалық дамуына, мінез-құлқына және қоғамдағы орнына қалай әсер ететіні талданады. Діни бірегейліктің психологиялық аспектілерін қарастыру барысында, адамның өмірлік тәжірибесі мен діни сенімдеріне деген көзқарасының маңыздылығы зерттеледі. Діни бірегейліктің әлеуметтік және мәдени аспектілері де талдау жасалды. Өйткені діни сенімдер адамның қоғамдағы рөліне, әлеуметтік қатынастарына және мәдени көзқарастарына елеулі ықпал етеді. Бұл зерттеу жұмысы діни бірегейліктің психологиялық тұрғыдан қалыптасуына әсер ететін негізгі факторлар мен себептерді түсінуге мүмкіндік беріп, діни сенімдер мен тұлғалық дамудың өзара байланысын тереңірек зерттеуге үлес қосады. Сонымен қатар, зерттеу нәтижелері психология мен діни зерттеулер арасындағы өзара ықпалдастықты нығайтуға, діни бірегейліктің қалыптасуына қатысты қазіргі заманғы психологиялық теориялардың жаңа қырларын ашуға мүмкіндік береді. Түйін сөздер: дін, діни бірегейлік, психология, тұлға, қоғам.