ОРТА МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ФОЛЬКЛОРЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРДЫ ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

2025

Closed access Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5762.2025.85.1.025
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Ең алдымен, автор мақалада қазақ ертегілерін проблемалап оқытуға ден қояды. Оқу үдерісінде қолданылатын жаңа технологияларды тиімді әрі орынды пайдалану қарастырылады. Мақалада ертегінің композициялық құрылымы мен идеялық ерекшеліктеріне өзіндік қызмет жасайтын тұрақты мотив ретінде ұлттық құндылық орын алған. Сондай-ақ, мектеп бағдарламасы оқулығында қазақтың фольклорлық шығармаларындағы ұлттық құндылықтардың қалай көрініс тапқанын зерттеп-зерделеу туралы жан-жақты талданып айтылған.Зерттеу материалдары негізінде қазақ ертегілері негізгі нысан етіп алынды. Бұл тақырыптың өзектілігін және әдеби білім берудің тиімділігін арттыру болып табылады. Әдебиетті оқытуға философия және мәдениеттану тұрғысынан келіп, ұлттық құндылықтарды игеруге ықпал ететін ерекшеліктер ескеріліп, оқыту жүйесі ғылыми-әдістемелік тұрғыда негізделді. Оқушыларға қазақ әдебиеті пәнінен ертегілерге байланысты туындаған, салт-дәстүрден берік орын алған танымдық, дәстүрлік, әдет-ғұрыптық мәселелер сөз болды. Фольклорлық шығармалардағы бүкіл тарихи дәуірдің, қоғамдық сананың көрініс тапқанын оқушыларға таныту айқын дәлелденген.