ФИТОМЕЛИОРАЦИЯНЫҢ СУАРМАЛЫ ЖЕРЛЕРДЕГІ ТОПЫРАҚ ҚҰНАРЛЫЛЫҒЫНА ӘСЕРІ

2025

Full text Open access: Hybrid Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.37884/1-2025/53
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Егіншілік жүйелерін әртараптандыру мақсатында, топырақ құнарлығын сақтау және арттыру үшін,топырақты тыңайту ретінде фитомелиоранттарды пайдалана отырып, қысқа ауыспалы мақта ауыспалы егістерін жетілдіру үлкен маңызға ие және өзекті болып саналады. Өнімділігі төмен топырақтарды фитомелиорациялау әдістері олардың құнарлылығына әр түрлі әсер етеді. Өнімділігі төмен топырақтарды мелиорациялаудың негізгі мәселелерін шешуге көмектесетін фитомелиорант дақылдарын өсіру мыналарға байланысты: коллоидтардағы сіңірілген натрий иондарын ауыстыру, топырақта қоректік заттардың жаңа қорын жинақтау және топыраққа күшті кесек-түйіршікті құрылым беру. Сондықтан фитомелиорант дақылдармен жүргізілген зерттеулерде өнімділігі төмен суармалы боз топырақтардың құнарлылығын сипаттайтын көрсеткіштердің өзгеруіне олардың әсерін зерттеу мәселелеріне көп көңіл бөлінді. Суармалы егіншілік аймағында тапшылықсыз қарашірік тепе-теңдігін, топырақтың әлеуетті және тиімді құнарлылығын арттыруды, егістік өнімділігін арттыруды қамтамасыз ететін суармалы егіншілік аймағында фитомелиоративтік дақылдарды қолдану арқылы мақта ауыспалы егісінің схемалары зерттелді. Фитомелиорациялық астарда жүргізілген агромелиоративтік шаралар,топырақтың 0-30 см қабатындағы көлемдік тығыздығында оң өзгерістер туғызды. Ноқат пен соядан кейінгі мақта дақылдарында, топырақ тығыздығының жақсы көрсеткіштері, фитомелиорациялық дақылдарды жинап алғаннан кейін жүргізілген агромелиоративтік шаралардың жүргізілуіне байланысты екені анықталды (20 тонна органикалық заттарды енгізу және 40 см тереңдікте жырту, топырақ бетін тегістеу және топырақтың тұздарын сумен шаю).