ӘР ТҮРЛІ СУҒАРУ ЖАҒДАЙЫНДА МАЙБҰРШАҚ СОРТҮЛГІЛЕРІНІҢ ФЕНОЛОГИЯЛЫҚ ДАМУ ФАЗАЛАРЫНЫҢ ҰЗАҚТЫҒЫН АНЫҚТАУ

2025

Full text Open access: Hybrid Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.37884/1-2025/14
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Еліміздің ақшыл қара, қызғылт топырақ аймағының оңтүстік-шығыс бөлінінің топырақ ылғалы тұрақсыз келеді, сол себепті топырақ құрамында болатын ылғал тұқымның дамуына бірден бір тікелей әсер ететін факторалардың бірегейі болып табылады. Осыған орай суғару технологиясымен бірге, кез-келген пайдаланудың маңыздылығы, аграрлық кешендерге топырақ ылғалдылығының жиналуына әсер етуші күштерді есепке ала отырып айқындау қажет, олар жауын-шашын мен еріген сулар, сонымен қатар өзгеде ылғалдарды тиімді қолдану болып келеді. Біздің жұмысымызда әр түрлі суғару жағдайында майбұршақтың өнімділігін анықтау мақсатында сортүлгілерінің вегетациялық кезеңінің ұзақтығы анықталды. Майбұршақтың вегетациялық кезең ұзақтығында суға қажеттілігі әртүрлі деңгейде өтеді. Көктеу-гүлдеу фаза аралықтарында майбұршақ ылғалды аса қажет етпейді. Ал гүлдеу-бұршақтарының пайда болуымен тұқымдарының пісу кезең аралықтарында су тапшылығы туындайды. Демек, аталған аймақтың топырақ жағдайында майбұршақ сорттарына дәстүрлі және тамшылатып суғару режимдерін зерттеу маңызды. Біздің зерттеуімізде дәстүрлі және тамшылатып суғару жағдайындағы майбұршақтың Жансая (st), Бірлік, Ивушка, Алматы, Жалпақсай, Восточная красавица, Радость, Роза, Вита, Даная сорттарының вегетациялық кезеңінің ұзақтығына фенологиялық бақылау жүргізіділді. Нәтижесінде дәстүрлі суғару нұсқасында Мисула, Русия, Жалпақсай және Алуа сорттарында 3-7 күнге кеш пісе, тамшылатып суғару нұсқасында осы аталған сорттарда 2-3 күнге кеш піскен. Дәстүрлі 200-300 м3/га суғарумен салыстырғанда тамшылатып 100-150 м3/га суғару кезінде сорүлгілерінің өнімділігі 1,2 есе артқан және олардың тұқымдарының өнгіштігі 78-92% жоғарылады. Сонымен тамшылатып суғару жағдайында Мисула, Русия, Жалпақсай және Алуа сорттарының вегетациялық кезеңінің ұзақтығы оңтайлы майбұршақ селекциясына бастапқы материал ретінде қолдануға болады.