ЖОҒАРЫ ДӘЛДІКТЕГІ СПУТНИКТІК ӘДІСТЕРІ КӨМЕГІМЕН АВТОМОБИЛЬ КӨПІРЛЕРІНДЕ ГЕОДЕЗИЯЛЫҚ МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

2025

Full text Open access: Hybrid Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.37884/1-2025/13
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Бұл мақалада Алматы қаласындағы Момышұлы көшесі мен Райымбек даңғылы қиылысындағы қалаішілік көпірге, атап айтқанда жол айырығына геодезиялық мониторингті ұйымдастыру үшін геодезиялық тірек жүйелерін құру туралы ақпарат пен нәтижелер берілген. Жалпы автокөлік көпірлерінің құрылымдық деформацияларын дәл геодезиялық әдістермен бақылау және талдау көпір құрылыстарының қауіпсіздігі мен ұзақ мерзімділігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Бұл процесс көпірдің геометриясындағы өзгерістерді тұрақты бақылап, осы деректерді талдау арқылы құрылымның жағдайын бағалап, оның болашақтағы жағдайын назарда ұстауын қамтамасыз етеді. Мәліметтер бойынша, көпірлердің мерзімнен бұрын тозып деформацияға ұшырауы экологиялық және экологиялық емес факторлардан туындайтын құрылымның бұзылуы ретінде анықталады. Мысалы, эрозия, жер сілкінісі, су тасқыны, жүктеме жағдайлары және құрылыс материалдарының сапасыздығы, яғни оларды жобалау және құрылыс кезеңдерінде ескерілмеген болуы мүмкін. Сол себепті де аталған автомобиль көпіріне геодезиялық бақылаулар жүргізіліп, нәтижесі мақалада көрсетілді. Сонымен қатар геодезиялық тірек жүйелерін құру үшін Жерсеріктік позициялау технологиясын пайдалану мәселесі қарастырылды және де геодезиялық бақылаулардың классикалық әдістерімен көпір деформацияларының сандық сипаттамаларын анықтау үшін қолданылатын қазіргі заманғы аспаптар мен технологияларға да шолу жасалады.