Профессор Алма Қыраубаева: ұлттық құндылықтар ұстанымы

2025

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.26577/ejph2025197117
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мақалада оқу-білім жүйесінің сапасын арттыруды мақсат еткен ғалым-педагог, филология ғылымдарының докторы Алма Қыраубаева ұсынған ұлттық мектептің моделі мен оның басты ұстанымдары сөз болады. Ұстаздың авторлық бағдарламасы, оны енгізудің амал-тәсілдері мен нәтижесі «Сенім» бағдарламасы негізінде қарастырылады. Оқу үдерісінде апробациядан өткен Гуманитарлық Қазақ мәдениеті мектеп-лицейінің жұмыс жүйесі, инновациялық өзгешелігі білім берудегі үздік тәжірибелерді зерттеуге, саралауға, озық үлгілерді тиімді қолдануға ой тастайды. Сондай ақ Алма Қыраубаева мектебінің инновациялық қызмет моделі де қарастырылған. Ғалым-педагог Алма Қыраубаева білім мазмұнына сай ұлттық мектептің ерекшелігін, ондағы оқу барысының жетістіктерін, оқушылардың ұтымды білім алуын психологиялық тұрғыдан ынта, жігер, белсенділік қасиеттермен бірлестікте дәйектейді. Ғалым-педагог Алма Мүтәліпқызы ұсынған қазақ ұлттық мектебі жаңа идеяға толы, әдістемелік және дидактикалық жағынан іргетасы берік педагогикалық ұстаным болып табылады. Ол қазақы құбылысты қалыптастыру мақсатында тарихи өзгерістерді, ұлттық құндылықтарды, ұлттық тіліміз бен ұлттық ділімізді бойына сіңіре алатын ұрпақ тәрбиелеу мәселесін көтере келіп, рухани болмысы бай, интеллектуал ұлт өкілін қалыптастыруды көздейді. Ғалым-ұстаз ұлттық мектепті дамыту жолдарын педагогикалық үдеріске негіздей отырып, инновациялық технологиялардың міндеті мен маңызын атап өтеді. Түйін сөздер: жаңа мектеп, «Сенім» бағдарламасы, ұлттық мектеп моделі, авторлық бағдарлама, қазақы құбылыс