Bulletin WKU

2025

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.37238/2960-1371.2960-138x.2025.97(1).27
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

ДӘСТҮРЛІ МӘДЕНИЕТ ТҰЖЫРЫМДАРЫНА ҚАТЫСТЫ КӨЗҚАРАСАңдатпа.Қазіргі зерттеулерде дәстүрлі мәдениетке деген қызығушылық айтарлықтай артты.Оның себебі жаһандану мен ақпараттандыру жағдайында дәстүр тарихи жадымен байланыстырушы түйінге айналды және ұлттық-мәдени бірегейлікті сақтауға мүмкіндік береді.Алайда, «дәстүрлі мәдениет» ұғымының өзіне арнайы әдебиеттерде әртүрлі түсіндірмелер беріледі.Демек, «дәстүрлі», «архаикалық», «индустрияға дейінгі», «аграрлық», «шаруа», «жазбаша», «тұрмыстық», «күнделікті», «мамандандырылмаған» (мәдениет) сынды түрлі терминдерде қоланылады.Технологиялардың қарқынды өсуі, қоғамдағы заманауй өзгерістер, инновациялар «дәстүрлі мәдениет» болмысына өзгеріс әкелмей қоймайды.Инновация, модернизация үдерістері, трансформациялану дәстүрлі мәдениет үлгілерінің барлық қырынан көрініс табады.Дәстүрлі мәдениеттің сақталуы мен заманға сай бейімделуіне әртүрлі тұжырымдардың қалыптасуы «дәстүрлі мәдениет» ұғымының қай кезеңде де ғылыми ортада өзекті екенін айғақтайды.Мақала қазіргі тарихнамадағы дәстүрлі мәдениетті зерттеудің маңыздылығы мен негізгі бағыттарын талдауға арналған.Дәстүрлі мәдениеттің қазіргі зерттеулердегі орны, оның әлеуметтік-мәдени, тарихи және рухани аспектілері қарастырылады.Сонымен қатар, дәстүрлі мәдениетті зерттеудің методологиялық тәсілдері, дереккөздердің түрлері және оларды талдау әдістеріне тоқталады.Мақаланың негізгі мақсатықазіргі зерттеулердегі дәстүрлі мәдениетті зерттеудің өзектілігін көрсету, оның ғылыми танымның маңызды бөлігі екенін дәлелдеу.Сондай-ақ, аталмыш мақалада дәстүрлі мәдениеттің қазіргі қоғамдағы рөлі мен маңызына, ұлттық бірегейлікті сақтаудағы және қазақ халқының рухани мұрасын жаңғыртудағы орнына баса назар аударылды.