Bulletin WKU

2025

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.37238/2960-1371.2960-138x.2025.97(1).20
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІ ҚЫШ ІСІНІҢ БЕЙЗАТТЫҚ АСПЕКТІСІ: АҢЫЗ-ӘҢГІМЕЛЕР МЕН НАНЫМДАР Аңдатпа.Мақалада қыш ісіне қатысты аңыз-әңгімелер мен нанымдар материалдық емес мәдени мұраның бір бағыты ретінде ғылыми деректер мен этнографиялық материалдарға негізделіп, рухани мұра ретінде қарастырылады.Дала жұмыстары барысында алынған этнографиялық мәліметтер мен ғылыми материалдар негізінде Орта Азия елдері қыш ісінің материалдық емес аспектісін зерттеу.Аталған мәселені зерделеу кезінде этнографияны зерттеудің негізгі әдістері, атап айтқанда сауалнама және анкета әдістері қолданылды.Сонымен қатар, қыш ісі туралы аңыздар мен рәсімдердің даму процесін анықтауға ықпал еткен сарқыншақ әдісінің ерекше маңыздылығын атап өткен жөн.Алынған мәліметтер негізінде қыш ісіне қатысты аңыз-әңгімелер мен нанымдар материалдық емес мәдени мұра ретінде дәстүрлі дінмен өзгеріске ұшырап, немесе жылдан жылға өз өзектілігін жоғалтып барады.Орталық Азия елдері қыш ісінің материалдық емес мәдени мұрасын зерделеу негізінде мәліметтердің мардымсыз екені анықталып, аталған сұрақ жан-жақты зерттеуді қажет ететіндігі, сонымен қатар бар ақпарат негізінде материалдық емес мәдени мұра элементтерін қайта жаңғыртып, артынан тізімдеу жүргізу қажет етеді деген қорытынды жасалды.Кілтті сөздер: саз; қыш ісі; материалдық емес мәдени мұра; Орталық Азия; этнография; тірі мұра. КіріспеЕжелгі заманнан бері саз көптеген мәдениеттер мен өркениеттерде маңызды орынға ие болды.Бірі оның емдік қасиеттері бар деп сенсе, басқалары сазды әлемнің жаратылысымен байланыстырып, оны қасиетті деп санады.Сазды киелі деп қарастыру әртүрлі аңыздар мен наным-сенімдердің пайда болуына әкелді.Аңыздар мен наным-сенімдер материалдық емес мәдени мұраның бір бағыты ретінде ауыздан ауызға, ұрпақтан ұрпаққа беріліп, өткен мен болашақтың арасындағы сабақтастықты сақтайды.