«Ит» семасындағы мифтік бейненің көрінісі

2025

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.26577/ejph202519714
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мақалада адамның саналы ғұмырынан бері тілдік түпсаналық қатпарларда сақталып келе жатқан киноморфизмдер негізінде адамзат ойлауының алғашқы сатысы болып табылатын мифтік түсініктер мен бейнелер сипатталады. Киноморфизмдерге қатысты қалыптасқан тілдік бірліктер мен бейнелі сөздер – көне дәуірден жеткен мифологиялық дүниетанымның жемісі. Мифология – адамның өзін қоршаған әлемді тануының архаикалық формасы және дүниемен байланысын бейнелейтін танымдық жүйе. Мақаланың мақсаты – «ит» семасымен байланысты табу мен эвфемизмдерде, тыйым сөздерде кездесетін мифтік концептілерді талдау арқылы тілдің терең қабаттарында жасырын жатқан архетиптік дүниетанымды анықтау. Адамзат санасының алғашқы кезеңдерінде қалыптасқан мифологиялық түсініктер киноморфизмдер негізінде тілдік жүйеде сақталғанын дәлелдеу. Зерттеу барысында тілдік бірліктердің семантикалық құрылымын және олардың өзара байланысын талдауда лексикалық-семантикалық әдіс қолданылды. Сондай-ақ, лингвистикалық бірліктердің тарихи дамуы мен трансформациясын зерттеуге салыстырмалы-тарихи әдіс пайдаланылды. Мифологиялық концептілер «ит» семасымен байланысты лингвистикалық бірліктердің қалыптасуына ықпал етті. Киноморфизмдер арқылы жалғасқан бейнелі қолданыстар мен тілдік бірліктер көне дәуірдің мұрасы болып табылады. Әрбір халықтың тілінде кездесетін тыйым сөздер мен эвфемизмдер – мифтік танымның тілдің түпсаналық деңгейінде сақталғанын көрсетеді. Бұл құбылыс адам санасы мен тілдің эволюциялық дамуында мифологиялық концептілердің маңызды рөл атқарғанын дәлелдейді. Осылайша, мифологиялық концептілер киноморфизмдердің негізін құрай отырып, адамның ойлау жүйесінің алғашқы баспалдақтарын айқындайды. Мифтік құрылымның тұтас жүйе ретінде зерттелуі мифологиялық құбылыстарды кешенді қарастыруға жаңа теориялық мүмкіндіктер ашады. Түйін сөздер: лингвистика, кинеморфизм, семантика, фразеология, мифология.