Көркем мәтіндегі метафораланудың когнитивтік стилі

2025

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.26577/ejph202519712
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мақалада метафораланудың когнитивтік стилі көркем бейнелеудің ерекше тетігі ретінде қарастырылады, оның көмегімен мәтінді бейнелі қабылдау қалыптасады. Когнитивтік лингвистика теорияларына сүйене отырып, метафоралық ойлаудың негізіндегі концептуализация үдерістері талданады және олардың көркем шығарманың семантикалық кеңістігін құрылымдауға қалай ықпал ететіні қарастырылады. Метафоралық құрылыстың ерекшеліктері, оның көпдеңгейлі ұйымдастырылуы және эстетикалық қабылдауымен байланысы зерттеледі. Алынған нәтижелер тілдік және мәдени тәжірибені тереңірек түсіну үшін көркем әдебиетті талдауда когнитивтік әдістерді пайдаланудың маңыздылығын көрсетеді. Мақаланың өзектілігі көркем мәтіндегі метафоралану үдерісі жазушының когнитивтік стилін әсерлі пайдалануда екендігін түсіндіреді. Когнитивтік психология, лингвистика және көркем талдауды біріктіретін пәнаралық тәсілді пайдалана отырып, метафораның құрылымын қалай қалыптасатынын зерттейді. Мақалада метафоралық құрылымда эмоционалдық резонанс және бейнелі сөздің үйлесуі туралы қарастырылады. Зерттеудің негізгі мақсаты – ақынның танымдық стилі мен көркем мәтіндердегі метафоралану үрдісінің байланысын зерттеп, нақтылау. Ақынның жеке когнитивтік қабілеттері метафора жасауға қалай әсер ететінін зерттей отырып, ойлау үдерістері мен бейнелі сөздің өзара сәтті үйлесуін түсінуге мүмкіндік береді. Когнитивтік стильді метафоралық құрылымдармен байланыстыра зерттеу концепт моделін қалыптастыруды байытады. Метафоралану үдерісіндегі когнитивтік стильдің қызметін түсіну көркемдік талдауды жетілдіреді. Мақала BR21882249 «Мәдениетаралық коммуникация құралы ретіндегі қазақ тілінің ұлттық корпусын (ҚТҰК) жетілдіру және оның ішкорпустарын кеңейту» жобасы аясында әзірленген. Түйін сөздер: метафозация, когнитивтік стиль, ой бейне, ойлау, бейнелі сөздер.