География сабақтарында оқушылардың зерттеу дағдыларын нәтижеге бағытталған іс-әрекеттер арқылы дамыту

2025

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.59941/2960-0642-2025-1-42-60
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Қазіргі уақытта география сабағында берілетін тапсырмалардың саны, түрлері өте көп. Бірақ маңыздылығы мен мазмұндылығы тарапынан зерттеу дағдыларын қалыптастыратын іс-әрекеттерді пайдалануды қамтамасыз ету қажет. Зерттеу дағдысы қалыптасқан оқушылар оқу үдерісінде география сабақтарында тапсырмаларды орындаумен қатар, алған дағдыларын күнделікті өмірде, кез келген ортада қолдана алады. Пән мұғалімі география сабағында зерттеушілік орта қалыптастыру арқылы тәжірибелік іс-әрекеттерін жетілдіріп, оқытудың және зерттеу дағдыларын дамытудың жоғары деңгейлерін жүзеге асырады. Мақалада мектеп оқушыларының зерттеу дағдыларын қалыптастыру сабақта және сабақтан тыс оқу жағдайларда орындалатын іс-әрекеттерінің зерттеу нәтижелері келтірілген. Зерттеу дағдылары ұғымына ғылыми дереккөздеріне талдау жасау арқылы анықтамалар берілді. География пәні мұғалімдерінен сауалнама алынып, нәтижесінде зерттеу тақырыбына байланысты мәселелер айқындалып, оның шешу жолдары ұсынылды. Оқушылардың зерттеу дағдыларын анықтауға байланысты бірқатар мәселелер сауалнама нәтижелері арқылы анықталды. Сондықтан да география пәні мұғалімдеріне әдістемелік көмекші құрал ретінде және оқушыға бағыт-бағдар беретін оқыту тәсілдері ұсынылды. Зерттеу жұмыстары мен күнделікті сабақтарда жүргізілетін дәстүрлі және қашықтық форматта орындалатын тапсырмалардың бағдарламалық қамтамасыз етілген нұсқалары келтіріліп, сандық, статистикалық тәсілдермен айқындалды. Алынған ANOVA сынағының нәтижесінде әсер өлшемін (.54) ескере отырып, топтар арасындағы айтарлықтай айырмашылықтар бар екенін көрсетеді. Оқушылардың зерттеу дағдыларын дамытатын іс-әрекеттерде цифрлық, онлайн оқыту сервистерінің мүмкіндіктері қарастырылды және оқушылар қызығушылығын арттыратын ресурстардың түрлері сараланды. Зерттеу дағдыларын дамыту оқушылардың пәндік білім деңгейінің жоғары әрі сапалы болуының кепілі.