ЕЖЕЛГІ ЖӘНЕ ОРТА ҒАСЫРЛЫҚ АРХЕОЛОГИЯНЫҢ ЗАМАНАУИ ҒЫЛЫММЕН ҚОҒАМДАҒЫ МАҢЫЗЫ

2025

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-6017.2025.84.1.030
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Ежелгі және ортағасырлық археология –адамзаттың тарихи дамуының бастапқы кезеңдерін зерттейтін ғылым. Бұл сала біздің өткенімізді түсіну, көне дәуірлер мен ортағасырлық кезеңдердің мәдениеті, экономикасы, әлеуметтік құрылымы туралы маңызды деректер жинауға мүмкіндік береді. Ежелгі және ортағасырлық археологияның зерттеу объектілері қоғамның өмірі, тіршілігі, оның діни сенімдері мен өнері, тұрмыстық мәдениеті, сондай-ақ саяси және сауда байланыстары сияқты тақырыптарды қамтиды.Ежелгі археология адамзаттың алғаш рет отырықшылыққа өтуі, алғашқыауыл шаруашы-лығын дамытуы, алғашқы қалалардың қалыптасуы мен мәдениеттердің өркендеуі кезеңін зерттей-ді. Ежелгі қоғамдардың басты ерекшеліктері олардың көшпелі немесе отырықшы болуына байланысты болатын. Ежелгі қоғамдардың әлеуметтік құрылымы, олардың білім жүйесі мен діни сенімдері де археология ғылымында маңызды зерттеу тақырыптарының бірі болып табылады. Мысалы, ерте темір дәуіріне жататын сағана мен қорымдар, тас дәуірінің құрал-саймандары сол кезеңдердегі адамдардың өмірін, дүниетанымын және мәдениетін бейнелейді.Ортағасырлық археология –Еуропа мен Азияның ортағасырлық кезеңіндегі мәдениеттер мен қоғамдарды зерттейтін сала. Бұл кезеңнің археологиясы Түркістан, Қазақстан, Орталық Азия мен басқа да аймақтардағы қалалар мен сауда жолдарын қамтиды. Ортағасырлық қоғамдар мен өркениеттердің мәдениеті, ғылымы мен өнері, сондай-ақ сауда мен саяси қатынастары архео-логиялық зерттеулер арқылы кеңінен қарастырылады.Ортағасырлық археологияның зерттеу әдістері де ежелгі кезеңдерден айтарлықтай өзгеше болуы мүмкін. Бұл кезде қала мәдениетінің дамуы менсауда байланыстарының өркендеуі маңызды рөл атқарды. Сонымен қатар, осы кезеңдердегі жазба ескерткіштер мен археологиялық қазбалар мәдениеттер арасындағы әсерлер мен өзара байланыстарды ашады.Мақалада ежелгі және ортағасырлық археологияның негізгі бағыттары, осы кезеңдердегі қоғамдардың ерекшеліктері, олардың мәдени және әлеуметтік құрылымдары, сондай-ақ архео-логиялық зерттеулердің болашағы мен маңызы қарастырылады. Археология ғылымы арқылы өткен дәуірлердің құпияларын ашу, тарихи мұраларды сақтау және болашақ ұрпаққа жеткізу мақсатында маңызды қадамдар жасалуда.