ЗАҒИБ ЖӘНЕ НАШАР КӨРЕТІН БАЛАЛАРҒА ТАРИХТЫ ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ

2025

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-6017.2025.84.1.022
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мақала зағип және нашар көретін балаларға тарихты оқытудың ерекшеліктерін зерттеуге, олардың интеллектуалдық және танымдық қабілеттерін дамытуға, сондай-ақ әлеуметтендіруге бағытталған мамандандырылған әдістерге арналған. Кіріспеде бейнелер ғылыми білімнің объекті-лері ретінде ғана емес, сонымен қатар көру қабілеті бұзылған балалардың дүниені тұтас түсінуін, қиялын және сыни ойлауын дамытуға көмектесетін құралдарға назар аударады.Бұл тақырыптың өзектілігі зағиб және нашар көретін балалардың мәдени және әлеуметтік тәжірибесін байыта отырып, олардың қоршаған әлемді қабылдау шектеулерінің орнын толтыруға мүмкіндік беретін құрал ретінде тарих кезеңімен анықталады. Тарих оларды әлемдік мұралармен байланыстыратын көпірге айналады, әлеуметтік кәсіпкерлік пен өзін-өзі жүзеге асыруға ықпал ететін экономикалық процестерді талдау және түсіну дағдыларын дамытуға көмектеседі.Зағиб және нашар көретіндерге тарихты оқытудың мақсаты –адамзаттың тарихи даму жолы туралы білімдерін беру ғана емес, сонымен қатар дағдыларды дамыту, тарихи оқиғаларды талдау, өткенді зерделеуге қызығушылықты ояту және ең бастысы әлсіз сыни ойлауды дамыту. Мақалада көру қабілетінің бұзылуын бақылайтын және бейімделген білім беру технологияларын қолданатын оқытудың дараланған тәсілін ескере отырып, мұғалімдер алдында тұрған негізгі міндеттерді сипатталады.Мақалада оқытудың үш негізгі принципі қарастырылған: ғылыми, тарихи-мәдени және көрне-кілік. Көру қабілеті бұзылған білім алушыларға тарихи фактілерді қабылдауға және түсінуге көмектесетін тактильді модельдерді, аудиовизуалды материалдарды, рельефті бейнелерді пайда-лануға ерекше назар аударылады.