ҚҰҚЫҚҚОРҒАУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ КЕҢЕСТІК ӘКІМШІЛ–ӘМІРШІЛЖҮЙЕГЕ БЕЙІМДЕЛУ МӘСЕЛЕСІ

2025

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-6017.2025.84.1.013
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

1920-шы жылдардың екінші жартысында Қазақстанда кеңестік құқық қорғау ұйымдары құ-рылды. «Революциялық заңдылықты» қорғауды мақсат еткен құқық қорғау ұйымдары, 1920-30-шы жылдары жүргізілген саяси-экономикалық науқандар барысында Конституцияда бекітілген қызме-тін бұрмалап, асыра сілтеушілікке жол берген. Құқық қорғау ұйымдары іс жүзінде аталмыш науқан-дарды жүзеге асырушы құралға айналғанын мұрағат құжаттарын зерттеу барысында аңғардық. Яғни, құқық қорғау ұйымдары кеңестік әкімшіл-әміршіл жүйенің қолшоқпарына айналып, жүйеге бейімделу үрдісі басталған. 1927-1928 жылдарда басталған байларды тап ретінде жою, астық, ет дайындау науқандарымен қатар жүргізілген социалистік меншікті қорғау науқаны да халыққа үлкен күйзеліс әкелгені белгілі. Ашаршылық нәубаты халықты мемлекеттік меншікке қол салуға итерме-леген. Аталмыш науқан барысында да кеңестік құқық қорғау ұйымдары коммунистік партияның бұйрық-жарлықтарын орындап, аса белсенділік танытып, түрлі асыра сілтеушіліктерге жол берген. Құқық қорғау, әкімшілік ұйымдардың бұл науқандар барысында билік пұрсатын орнымен пайда-ланбауы адам құқығын аяқасты етуге әкелген. Кеңестік саяси-экономикалық науқандар барысында анықталған қылмыскерлер негізінен қарапайым халық болғанын ескерсек, әуел бастағы большевик-тердің «кеңестің құқық қорғау ұйымдары қарапайым халықтың мүддесін қорғайды» деген концеп-циясына қайшы келеді. Керісінше, құқық қорғау ұйымдары әкімшіл-әміршіл жүйенің құрамдас бөлігіне айналғанын көрсетеді. Зерттеу тақыры барысында құқық қорғау ұйымдарының кеңестік әкімшіл–әміршіл жүйенің құрамдас бөлігіне айналу үрдісін ашамыз.