Abstract
Мақалада ономастика мәселелерін дискурстық аспектіде зерттеудің негіздемесі берілді. Жұмыстыңмақсаты– ономастика мәселелерін дискурстық әрекет ретінде қарап, онимдерді шынайы өмірдегі үдеріс және сол үдерістің нәтижесі деп зерттеу. Негізгі бағыты: ономастикалық дискурс, идеясы: оним – дискурстық бірлік, оның дискурстық өрісі, тілдік санада жағдаятқа сай өзектелуі әртүрлі.Ғылыми және практикалық маңыздылығы:онимдердің дискурстық сипаты, дискурстық өрісі, «сығымдалған мәтін» терминдерінің анықталуы, сипатталуы, талдау үлгісінің берілуі.Зерттеуде дискурс талдау әдісіоним (Ұмай) мазмұнында сақталған «сығымдалған мәтіндердің» дискурстық әрекетте ашылуын түсіндіруде пайдаланылды.Негізгі нәтижелері:онимдердің дискурстық өрісі мына бөліктерден құралады: атау беруші – атаудың өзі – атауды қабылдаушы – ономастикалық атауға қатысты дискурс-мәтін. Дискурстық өріске ономастикалық атауға негіз болған, оны түсінуге, қабылдауға тірек мәтіндер енеді.Ониммазмұнында бекіген, дискурста тасымалданатын білім коммуниканттарға түсінікті болғанда ғана дискурстық сипат алады. Бұл кезде дискурстық тәжірибе де маңызды.Зерттеудің құндылығы:онимдерді дискурстық аспектіде зерттеу нәтижелері дискурсология, ономастикағылымын жаңа тұжырыммен толықтырады. Практикалық маңызы:онимдердің дискурстық өрісі, жағдаятқасай өзектелуін талдау нәтижелері осы бағыттағы зерттеулерге жарамды.