А. БЕК ШЫҒАРМАСЫНДАҒЫ Б. МОМЫШҰЛЫ БАТЫРЛЫҒЫНЫҢ ЛИНГВОТАНЫМДЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2025

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.59102/kufil/2025/iss1pp246-260
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Бұл мақалада соғыстағы адам , оның дүниетанымы, командир мен солдаттың қарым-қатынасы, жаһанда үлкен бетбұрысқа алып келген алапат соғыстың таразысын басар жаудың орасан күшіне қайсарлықпен тұра білген адам мен оның ары, абыройынан бастау алатын ішкі санасы мен танымы зерттеледі. 1941 жылы майдан даласына соғыс туралы, оның бағыт-бағдары туралы материал жинамақ болып барған орыс жазушысы А.Бектің қаһарман Б.Момышұлының әңгімелеуімен соғыс туралы, соғыстағы адам орны, тәрбиесі, адамгершілігі жайлы ой қозғауымен бүтін бір шығарма дүниеге келгені мәлім. Бұл шығарма арқылы қазақтың қанында батырлық бар екендігі дәлелдене түседі.Егер батырлық пен ержүректілік болмаса ұланғайыр жерімізді қалай сақтап қалдық? деген сұрақ туындайды. Әрине білектің күші, найзаның ұшымен сақтап қалдық. Осы дәстүрден бастау алған батырлық пен ерліктің жалғасы – Б.Момышұлы. Зерттеу нәтижесінде Б.Момышұлының тілдік танымының қалыптасуында халықтық таным мен діл, ұлттық ерекшелік жатқандығы анықталды. Батырлық пен ерлік дәстүрі сонау жаугершілік замандардан халқымызбен өмір сүріп келе жатқандығы және тығылтаяң сәттерде ар мен намысты алға қойып шайқасқан соғыстағы боздақтардың темірқазығына айналғанын көреміз.Жауынгерлік абырой мен сенім, ант, азаматтық борышқа адалдық, жауынгерлік тәртіп пен дәстүр арқасында жеңіске жеткізетін батырлық көрсетері анық.