Abstract
Мақалада заманауи энергетика мен технологияларды дамытудағы перспективті бағыт болып табылатын ұзақ арақашықтыққа арналған портативті сымсыз зарядтау құрылғыларының тұжырымдамасы мен техникалық іске асырылуы қарастырылады. Дәстүрлі сымды және сымсыз зарядтау әдістері қашықтық пен мобильділік тұрғысынан шектеулерге ие, бұл пайдаланушылар үшін қолайсыздықтар тудырады. Радиожиілікті энергия және инновациялық технологияларды пайдалану негізінде жаңа шешімдер әзірленген. Құрылғы мен қуат көзі арасында физикалық байланыссыздық арқылы электр энергиясын тиімді түрде ұзақ арақашықтыққа жеткізуге мүмкіндік береді. Жұмыста магниттік резонанс және радиожиілікті беру сияқты қолданыстағы технологияларға талдау жасалып, олардың артықшылықтары мен шектеулері талқыланады. Инженерлік аспектілерге, соның ішінде қауіпсіздік, энергия тиімділігі және құрылғылардың әртүрлі пайдалану жағдайларына бейімделуі мәселелеріне ерекше назар аударылады. Мұндай зарядтау құрылғыларын құрылғы, медициналық жабдықтар, сондай-ақ өнеркәсіптік және IoT-шешімдер саласында қолдану мүмкіндіктері көрсетілген. Мақала инновациялық зарядтау жүйелерін әзірлеу және енгізу мәселелерімен айналысатын зерттеушілерге, инженерлерге және мамандарға арналған. Бұл жүйелер жоғары автономдылық пен пайдаланудың қолайлылығын қамтамасыз етеді.