ТІЛДІК ҚОЛДАНЫСТАҒЫ «МІНӘЖАТ» КОНЦЕПТІСІНІҢ РУХАНИ АКСИОЛОГИЯЛЫҚ БЕЙНЕСІ

2025

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.48371/phils.2025.1.76.010
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мақалада тілдік қолданыстағы «Мінәжат» концептісінің рухани аксиологиялық бейнесі қарастырылып, оның лингвопрагматикалық, лингвомәдени аспектілері айқындалады. Зерттеудің мақсаты: мінәжат мәнді мәтіндерді талдау арқылы адамның қандай құндылықтарға сүйеніп ғибадат ететінін көрсету арқылы «мінәжат» концептісінің рухани аксиологиялық бейнесін анықтау.«Мінәжат» концептісіне қатысты мәтіндердегі тілдік бірліктерді талдаудың барысында нақты бір ұлтқа тән әлем бейнесінің ерекшеліктерін айқындауда бақылау мен бағалау, жинақтау, жүйелеу, сипаттау, талдау, саралау және жалпылау тәрізді жалпы ғылыми әдістермен қатар дистрибуциялық талдау, концептілік талдау, формалды тілдік талдау, тілдік аналогия жасау, тілдік модельдеу әдісі сияқты лингвистиканың өзіндік әдістері мен тәсілдері қолданылды. Бұл ретте бағалау мен фреймдік талдау әдістерінің көмегімен «мінәжат» концептісіне тән құндылықтар анықталып, оның рухани аксиологиялық бейнесінің концептуалдық схемасы жасалды.Тілдік қолданыстағы «мінәжат» концептісіне қатысты мәтіндердің негізінде ғибадат ету мен рухани құлшылықтың тілдік танымдық сипаты қарастырылады. Сол арқылы мінәжатқа негізделген мәтін авторының көзқарасы мен қазақ халқының дүниетанымы, мәдениеті, ділі мен діні туралы бірқатар ақпарат лингвокогнитивтік және лингвоаксиологиялық аспектіде зерттеледі.Алғаш рет зерттеу барысында тілдік бірліктерді талдаудан алынған концептуалдық схеманың негізінде мінәжат концептісінің құндылықтық тұрғыдағы анықтамасы беріледі.Зерттеудің практикалық мәні: лингвист ғалымдар, дінтанушылар мен психолог мамандар, тіл білімі саласында білім алып жүрген студенттер өз зерттеулерінде мақалада қолданылған зерттеу әдістері мен тактикаға жүгініп, әртүрлі концептілердің рухани-аксиологиялық бейнесін толығырақ ашып, олардың құндылықтық тұрғыдағы анықтамасын айқындап, тілдік бірліктердің суггестикалық әлеуетін бағалауға мүмкіндік алады.