Қоңыр көмір мен одан бөлініп алынған гумин қышқылының физика-химиялық қасиеттерін зерттеу

2025

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.51452/kazatu.2025.1(124).1819
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Алғышарттар мен мақсат. Күмісқұдық және Кузнецк кен орындарының қоңыр көмірлерін пайдалана отырып, солардан алынған гумин қышқылдарының қасиеттерін салыстырмалы талдау болып табылады. Материалдар мен әдістер. Зерттеу жұмысы бойынша инфрақызыл спектроскопия әдісі, элементтік талдау және термогравиметриялық талдау. Нәтижелер. Екі түрлі кен орындарының гумин қышқылдарына кешенді зерттеу жүргізілді. Бұл олардың химиялық құрамы, функционалдық топтары, термиялық тұрақтылығы және реактивтілігі бойынша айырмашылықтарды анықтауға мүмкіндік берді. Салыстырмалы талдау әрбір кен орнының көмір түзілу геологиялық жағдайларымен байланысты гумин қышқылдарының бірегей ерекшеліктерін көрсетті. Зерттеу барысында карбоксил және гидроксил топтарының санындағы айырмашылықтар анықталды, бұл олардың сорбциялық және комплекс түзу қасиеттеріне тікелей әсер етеді. Бұл кен орындары үшін мұндай айырмашылықтар бұрын егжей-тегжейлі зерттелмеген. Сонымен қатар, зерттеу екі кен орнының гумин қышқылдарының экологияда, агрохимияда ауыл шаруашылығында және ағынды суларды тазартуда қолдану мүмкіндігі жоғары екенін көрсетті, бірақ олардың тиімділігі кен орны мен функционалдық топтардың құрамына байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Қорытынды. Бұл нәтижелер гумин қышқылдары негізіндегі технологияларды дамытудың жаңа перспективаларын ашады және геологиялық факторлардың олардың химиялық құрылымы мен қасиеттеріне әсерін жақсы түсінуге мүмкіндік береді.