АҒАШ БҰЙЫМДАРЫНЫҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ЖӘНЕ СИМВОЛИКАЛЫҚ МАҒЫНАСЫ

2025

Closed access Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.59103/muzkz.2025.09.11
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Аңдатпа. Мақалада Қазақстанда жарық көрген дәстүрлі қолөнер бұйымдарына арналған әдебиеттерге шолу жасалады. Шолу нәтижесі бойынша қолөнерге байланысты он бір атлас шыққаны анықталып, оның ішінде ағаш өңдеу жұмыстарына байланысты тек екі әдебиет таңдап алынды. Олар, «Орталық Азия атласы. Қазақстан» (2001) және «Атлас. Қазіргі Қазақстан қолөнері» (2023). Аталған әдебиеттерден ағаш өнеріне қатысты материалдар жинақталып философиялық тұрғыда қолөнер гносеология призмасы арқылы қарастырылады. Таңдалған екі атлас та Қазақстандағы дәстүрлі қолөнер тәжірибелерінің, соның ішінде ағашты өңдеу технологиясының, ою-өрнек символикасының және оның мәдени-философиялық контекстінің кешенді сипаттамасын қамтиды. Сонымен қатар мақалада қолөнер тәжірибесіндегі трансформациялар мен қолөнершілердің әлеуметтік мәртебесі де қарастырылды. Бұл атластардың мазмұны мен ауқымы ағашты өңдеудің мәдени маңыздылығына қатысты релевантты ақпаратты анықтауға мүмкіндік берді. Сондай-ақ, ата-бабадан мирас болған ағаш өңдеу өнерінің онтологиялық, эстетикалық және әлеуметтік аспектілеріне ерекше назар аударылып зерделенді. Дәстүрлі ағаш бұйымдарына бейнеленген ою-өрнектердің символикасы анықталып өрнектер салыстырмалы түрде талданды. Мақаланың мақсаты жаһандану заманында мәдени құндылықтарды құрметтеу және ұлттық бірегейлікті сақтау болып табылады.