Жаһандық жағдайында цифрлық кәсіпкерлікті қорғаудың құқықтық аспектілері

2025

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-6844-2025-150-1-49-60
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Бұл мақалада Қазақстанның экономикалық дамуының өзекті мәселесіне, яғни жеке кәсіпкерлікте цифрлық бизнесті ұйымдастыруға арналған. Жалпы ұйымдастырушылық-құқықтық нысанды - жеке кәсіпкерлікті талдау нәтижелері ұсынылған. Бизнесті ұйымдастыру формасын таңдауға әсер ететін негізгі факторлар көрсетілген. Қазақстанда экономиканы цифрландыру тұрғысынан жеке кәсіпкерліктің ерекшеліктері мен перспективалары айқын жеткізілген. Сонымен қатар, арнайы платформа арқылы жеке кәсіпкерлікті дамыту барысында еліміздің нормативтік базасымен заңды түрде жүзеге асырылуы қарастырылмаған. Бұл орайда дәстүрлі құқықтық әдісті қолдана отырып, қолданыстағы ережелердің міндеттілігі және тараптар арасындағы шарттық келіссөздер шеңберінде қаншалықты шешімін табатынын анықтайды. Осы мақаланы зерттеу барысында экономиканың барлық саласын реттейтін арнайы заңнаманың жоқтығы айқындалды. Оның орнына арнайы қалыптасқан күрделі ережелердің желісі цифрлық кәсіпкерлерге мүмкіндіктермен бірге шектеулерді де береді. Осы тақырыптың өзекті болуының бір белгісі еліміздің қазіргі таңдағы жоспарлы жаңа инновациялық даму мен жеделдетілген технологиялық жаңартуды талап ететін әлемдегі дамыған 50 елдің қатарына кіру міндеті қойылғанынан білуге болады [1]. Соңғы жылдары цифрлы кәсіпкерлік тез өсуде, бұл әсіресе технология мен интернеттің қарқынды дамуынан, жаңа бизнес-модельдердің пайда болуына, бәсекелестіктің артуына және инновацияның мүмкіндіктеріне әкелді. Алайда, бұл өсім саясаткерлер мен заңгерлер алдына жаңа міндеттер туғызды, олар цифрлық кәсіпкерлік құқықтық базасы мен этикалық жағдайы өзекті және тиімді болып қалуын қамтамасыз етуі керек болды. Бұл мақаланың мақсаты еліміздегі цифрлы кәсіпкерліктің даму перспективаларын анықтау болып табылады, сондай-ақ цифрлық құқықтарды қорғауға және цифрлық келісімшарттардың орындалуына қатысты бірқатар мәселелерді қамтиды.