Қазақ және қырғыз тілдеріндегі локативтіліктің берілу тәсілдері

2025

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2664-5157-2025-1-146-162
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мақала қазақ және қырғыз тілдеріндегі локативтіліктің функционалды-семантикалық өрісін (ФСӨ) талдауға арналған. Функционалды лингвис-тиканы түркі тіл біліміндегі жаңа бағыттағы зерттеулер деуге болады, өйткені функционалды грамматикаға қатысты еңбектер XX ғасырдың соңынан бастап қана шыға бастады. Қырғыз тілінде де бұл бағыттағы ғылыми зерттеулер жоқтың қасы. Кеңістік мағынасын білдіретін тілдік бірліктер осы уақытқа дейін лингвистиканың әртүрлі салаларында жеке қарастырылғанымен, түркітануда бұл мәселе арнайы зерттеу нысаны ретінде қарас тырылмады. Мақала теориялық және практикалық бөлімдерден тұрады. Теориялық бөлімде функционалды талдаудың негізгі ұғымдарына тоқталады. Атап айтқанда, жүйелі-құрылымдық бағыт пен функционалды бағыт арасындағы айырмашылық айқындалды, тілден тыс саналатын ұғымдық категория функционалды әдістеменің теориялық негізі ретінде қарастырылды, функционалды-семантикалық өріс пен оның құрылымы, ядро, периферия сияқты негізгі терминдерге анықтама беріледі. Практи-калық бөлімде жиналған материалдар пайдаланылып, қазақ-қырғыз тілдеріндегі локативтіліктің ФСӨ-і анықталады. Зерттеу барысында қазақ қырғыз тілдеріндегі локативтіліктің ФСӨ-нің ұғымдық негізін кеңістік мағынасы құрайтыны белгілі болды. Жоғарыда аталған тілдердегі фактологиялық деректерді талдау нәтижесі кеңістік мағынасы морфологиялық және лексикалық бірліктерде айқын көрінетінін көрсетті, сол себепті локативтіліктің ядросы поли центрлі деген тұжырым жасалды. Ядроның морфологиялық бірліктеріне зат есімнің септік категориясы (барыс, жатыс, шығыс септіктері), көмекші есімдер, үстеу, сұрау, сілтеу есімдіктері және етістік жатады. Ал ядроның лексикалық көрсеткіштері ретінде географиялық терминдер, топонимдер, әртүрлі нысан атаулары мен кеңістіктікті білдіретін дәстүрлі өлшем бірліктері қарастырылды. Ядрода локативтілік нақты көрінсе, периферияда кеңістік мағынасы көмескілене түседі. Периферия қазақ және қырғыз тілдерінде тұрақты тіркестермен және синтаксистік бірліктермен (сөз тіркестері және сөйлеммен) беріледі. Қазақ-қырғыз тілдеріндегі локативтіліктің ФСӨ-нің ұғымдық базасы ортақ, өрістердің құрылымы мен локативтілікті білдіретін тілдік бірліктері ұқсас. Алайда әр халықтың танымы мен мәдени ерекшеліктеріне байланысты, семантикалық узуалды семаларда айырмашылықтар бар. Бұл айырмашылықтар дәстүрлі өлшем бірліктері мен тұрақты тіркестерде айқын байқалады. Мәселен, локативтілікті білдіретін фразеологизмдердің мағыналары кейде жақын болғанымен, әр тілде әртүрлі контексте қолданылады. Зерттеу нәтижелері қазақ және қырғыз тілдеріндегі локативтіліктің ФСӨ-ін анықтауға мүмкіндік берді және бұл мәселеде қос тілдің құрылымы мен тілдік бірліктерінің ұқсастығы, айырмашылықтары көрсетіліп, түркі тілдерінің функционалды семантикалық жүйелеріндегі бірқатар тұжырымдарды анықтауға жол ашты.