Д. ИСАБЕКОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ АУДАРМАЛАРЫНДАҒЫ МӘТІН МЕН АВТОР ПРАГМАТИКАСЫ

2025

Closed access Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.48081/bxrq4963
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мақалада аударматанудағы ең күрделі мәселелердің бірі – аударма мәтінінің коммуникативтік әсер тудыру, реципиентке прагматикалық әсер ету қабілеті болып табылатын түпнұсқа мәтіннің прагматикалық әлеуетін беру мәселесі қарастырылған. Неміс ғалымы А. Нойберттің теориясына сәйкес, төл тілде сөйлейтіндерге арналған көркем шығармалар көп жағдайда басқа тілдерге аударылады, сондықтан оларда прагматикалық факторлар маңызды рөл атқарады. Мәтіннің прагматикалық параметрлері оның барлық элементтерін қамтитындықтан, мәтіннің өзі мен қарым-қатынас субъектілері, автор мен адресат арасындағы қатынас бір белгі түрінде немесе балама түрде бекітіледі. Аудармашы аударма тіліне мәтінді прагматикалық бейімдеу кезінде мәтінге қосымша элементтерді, басқа тілді реципиенттің көзқарасына сәйкестендіріп, артық элементтерді түсіріп жіберуді, сондай-ақ семантикалық түрлендірулерді қолданады. Осының салдарынан түпнұсқа мәтінді түпнүсқа тілінде сөйлеуші-реципиент пен аударма тілінде қабылдаушы-реципиент тұрғысынан бағалайтын аудармашы-реципиент арасында сәйкессіздіктер туындайды. Осы өзекті мәселені шешу үшін белгілі жазушы-драматург Дулат Исабековтің көркем аударма мәселелеріне көзқарасы, оның шығармаларының аудармасының сапасына ғана емес, автордың аудармашыларға берген ұсыныстарына қатысты деректі сұхбаты негізінде зерттеу жүргізілді. Жалпылай алғанда, бүгінгі таңда Д. Исабековтің шығармалары әлемнің 11 тіліне аударылды, оның пьесалары шетел сахналарында қойылды. Бірақ аудармалардың сапасы, аудармашылардың түпнұсқа мен аударма мәтін арасындағы тілдік және мәдени тосқауылдан өту жолдары, аудармада қолданылған трансформациялар мен олардың болашақта әкелер салдары авторлық прагматикалық тұрғыдан қарастырылып, зерттелмеген. Сұхбатта кеңестік басылымнан аудармаларды басып шығару барысында орын алған олқылықтар да ашылып, орыс тілін аралық тіл ретінде қолданудың салдары сараланады. Тікелей сұхбат барысында алынған нақты деректер отандық аударматану саласында, атап айтқанда, көркем аударма теориясы мен аударма дидактикасында қолдану тұрғысынан құнды материал болып табылады. Кілтті сөздер: көркем аударма, аударма мәтіні, мәтін прагматикасы, автор прагматикасы, прагматикалық бейімдеу, аударма сапасы.