Abstract
Мақала тақырыбының өзектілігі ғаламдық су тапшылығы жағдайында әлем елдерінің ұзақ мерзімді басымдықта алдында тұрған негізгі міндеттер ұлттық экономиканың барлық салаларының, оның ішінде стратегиялық маңызды сала ауыл шаруашылығының тиімді әрекет етуі үшін қолайлы жағдайлар жасау, оның ішінде сумен кепілді қамтамасыз ету, су ресурстарын сарқылудан және ластанудан қорғау, олардың сандық және сапалық ұдайы өндірілуінде. Осыған байланысты Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін және тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз етуде ауыл шаруашылығы саласында су ресурстарын дамыған елдерде тиімді басқарудың бай тәжірибесін пайдалану ерекше маңызға ие. Мақалада ауыл шаруашылығының суды көп тұтынатын стратегиялық маңызды сала ретінде суды тиімді пайдалануды мемлекеттік басқарудың әлемдік тәжірибесіне шолу жасалады және үздік шетелдік тәжірибелерді Қазақстан жағдайында пайдалану мүмкіндіктері қарастырылады. Соған байланысты су ресурстарының ауыл шаруашылығындағы маңызын, осы бағытта тиімді басқарып отырған елдердің заманауи үлгілерін зерделеу жүргізілді. Ғылыми мақаланы жазу барысында ғылыми зерттеудің талдау - бірқатар елдерде ауыл шаруашылығында суды пайдалану тәжірибесі, синтез – ол тәжірибені Қазақстанда пайдалану сияқты әдістері басшылыққа алынды. Мақаланың зерттеу материалдары ретінде су ресурстарына қатысты халықаралық ұйымдар мен Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация Министрлігінің, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының мәліметтері алынды. Халықаралық тәжірибеге сүйене отырып Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласында суды тиімді пайдалану бойынша ұсыныстар беріледі. The relevance of the topic of the article lies in the main tasks facing the countries of the world in the long-term priority in the context of global water scarcity, in creating favorable conditions for the effective functioning of all sectors of the national economy, including the strategically important branch of agriculture for guaranteed water supply, protection of water resources from depletion and pollution, in their quantitative and qualitative reproduction. In this regard, the use of rich experience in effective management of water resources in developed countries in the field of agriculture is of particular importance in ensuring Kazakhstan's food security and sustainable economic growth. The purpose of the scientific article is to review the global practice of public management of agricultural water use as a strategically important industry and to identify opportunities for using the best foreign practices in Kazakhstan. The objectives are to study the importance of water resources in agriculture, modern models of countries that effectively manage in this area. When writing the scientific article, we were guided by such scientific research methods as analysis - the experience of using water in agriculture in a number of countries, synthesis – the use of this experience in Kazakhstan. The research materials of the article are data from international organizations on water resources, the Ministry of Water Resources and Irrigation of the Republic of Kazakhstan, the Bureau of National Statistics of the Agency of the Republic of Kazakhstan for Strategic Planning and Reforms. Based on international experience, recommendations on the effective use of water in the agricultural sector of Kazakhstan are given.