ӘЛЕМДЕГІ ДАМЫҒАН ЕЛДЕРДІҢ ӨҢІРЛІК САЯСАТЫНДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ТӘУЕКЕЛДЕРІН ТАЛДАУ

2023

Closed access Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.48371/ismo.2023.54.4.009
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Цифрлық технологиялардың даму дәуірінде мемлекеттердің IT-технологияларға тәуелділігі мен киберқауіптердің пайда болуына байланысты ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету дипломатия мен әлемдік саясатта маңызды басымдыққа айналды. Сонымен қатар, ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдері жаһандық саяси субъектілер үшін олардың саяси және экономикалық ландшафтына әсер ететін күрделі мәселе болып табылады. Бұл зерттеуде авторлар Америка Құрама Штаттары, Еуропалық Одақ және Қытай Халық Республикасы мысалында ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерінің кешенді салыстырмалы талдауын ұсынады, елдердің саяси көзқарастарын, экономикалық амбицияларын және салдарын қарастырады, сондай-ақ негізгі аймақтық ойыншылардың аймақтық саясатындағы киберқауіптердің әсерін талдайды. Мақаланың зерттеу сұрағы мемлекеттердің саяси динамикасының және экономикалық ұмтылыстарының осы аймақтардың ақпараттық қауіпсіздік стратегияларын қалай қалыптастыратынын түсінуге бағытталған. Әдістеме мәліметтерді жинауды, талдауды, жүйелі және салыстырмалы зерттеуді қамтиды, бұл әрбір аймақтың ақпараттық қауіпсіздік ландшафтының тұтас көрінісін алуға мүмкіндік береді. Салыстырмалы талдау негізінде авторлар салыстырылатын елдердегі ақпараттық қауіпсіздіктің экономикалық және саяси аспектілерін зерттейтін кесте құрастырды. Осы орайда, зерттеудің негізгі нәтижелері Америка Құрама Штаттары киберқауіптерге қарсы тұру үшін мемлекеттік-жекеменшік әріптестік пен инновацияларға, Еуропалық Одақ ынтымақтастық пен киберқауіпсіздік ережелерін үйлестіруге, ал Қытай Халық Республикасы кибер егемендік пен ұлттық қауіпсіздікті арттыруға назар аударып отырғанын көрсетеді. Талдау аясында авторлар саясат, экономика және ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдері арасындағы байланысты қадағалайды, аймақтар арасындағы конвергенция мен алшақтық аймақтарын анықтайды. Сондай-ақ, авторлар өңірлердегі ақпараттық қауіпсіздіктің тұрақты дамуы үшін келіп түсетін киберқауіптерді жою бойынша қорытындылар мен ұсыныстар берді.