ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АРЕНАДА ЖАҺАНДАНУ ҮРДІСІНДЕГІ КОРЕЯНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК – МӘДЕНИ ӨЗГЕРУІ

2023

Closed access Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.48371/ismo.2023.52.2.008
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Қазақстанға тарихи депортация кезінде қоныс аударған коре сарам корейлері бүгінде өзіндік тарихи-мәдени мұраға бай, халықтық элементтері мен сан ғасырлық ұлттық салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын өз дәрежесінде сақтап қалған, ата салтының мол қазынасын дәріптей білген ұлт ретінде қадірлі екенін білеміз. Жалпы Қазақстанда қоныс ететін ұлт өкілдерінің бірі болып табылатын корей халқының тарихы мен ділін, қазіргі Оңтүстік Кореяның қоғамы мен әлеуметтік ерекшеліктерін зерделеп, зерттеу отандық корейтану ғылымын дамыту үшін аса маңызды. Осыған байланысты зерттеудің мақсаты болып ғаламдық аренадағы жаһандану үрдісі барысындағы Оңтүстік Корея халқының әлеуметтік – мәдени тұрғыда өзгеру ерекшеліктерін қарастыру табылады. Жаңа корей қоғамы әлемдік модернизация сатыларына сәйкес өзінің салт-санасының, әдет- ғұрыптарының және ұлттық болмысының сақталуына үлкен мән бере отырып, жаһандану заманында өз мәдени мұрасын дүниежүзіне паш етіп, сан алуан әлеуметтік өзгерістерді басынан кешіргені анық. Осыған орай берілген мақалада Оңтүстік Корея мемлекетінің жаһандану үдерісіне қарамастан өзінің дәстүрлі төл мәдениеті, ұлттық құндылықтары және рухани ұстанымдарын барынша сақтап қалуы, аталған мәдениеттің халықаралық сахнада маңызды орын алып, жер жүзіне кең таралуы, сонымен қатар, тәуелсіздік алғаннан кейін және модернизация кезеңіндегі корей қоғамында орын алған әлеуметтік өзгерістер сияқты мәселелер жан-жақты қамтылады. Зерттеу жұмысының ғылыми және тәжірибелік маңыздылығын айтар болсақ, Оңтүстік Кореяның ірі әлемдік үдерістер шеңберіндегі мәдени және әлеуметтік тұрғыда өзіндік даму үлгісін зерделеу қазіргі жаһандану заманында қазақ қоғамына тиімді болатын сапалы қоғамдық-мәдени даму стратегияларын қалыптастыру барысында ерекше мәнге ие. Мақаланы жазу барысында тақырыпқа сәйкес ресми құжаттар мен дереккөздер пайдаланылып, корей, орыс және шетелдік ғалымдардың ғылыми көзқарастарына талдау жасалды. Жұмыстың әдіснамасына келер болсақ, зерттеуді жүзеге асыру кезінде жүйелеу, жалпылау және тарихи-этнографиялық әдістер қолданылды. Ғылыми жұмысты жүргізу нәтижесінде корей ұлттық діліне тән дәстүршілдік қазіргі кезде де корей қоғамының маңызды тұсы болып табылатындығы айқындалды. Корейлердің өз дәстүрлі мәдениетіне ерекше құрметпен қарап, өздерінің құнды рухани мұрасын ұқыпты сақтай отырып, жаңа заманда ұлттық, әлеуметтік және тұрмыстық элементтерді нығайтатын қоғамдық өмірдегі сабақтастық идеясын қолдайтындықтары анықталды.