ОҢТҮСТІК КОРЕЯ МЕН ҚАЗАҚСТАН АРАСЫНДАҒЫ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ДАМУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ КОРЕЙ ТОЛҚЫНЫ

2023

Closed access Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.48371/ismo.2023.52.2.007
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Әлем бойынша «Корей толқынының» құбылысы бүгінде ерекше танымалдылыққа ие. Халлюдің дүниеге келуімен Корея өмірінің жаңа кезеңіне аяқ басты. Елдің мәдени дамуы саласында жүргізілген зерттеулер «Корей толқынының» ел экономикасына даусыз әсерін көрсетті. 1998 жылы орын алған тоқырауға қарамастан, Оңтүстік Корея экономикалық дағдарыстан жылдам шығудың жолын таба алды. «Soft power» механизмін тиімді қолдана отырып, өзінің мәдениетіне деген қызығушылықты арттыра түсті. Нәтижесінде Кореяның бюджеті сәтті толықтырыла бастады. «Жұмсақ күш» механизмінің арқасында Оңтүстік Корея жаһандық танымалдыққа ие. Сонымен қатар, экономикасы жоғары қатарлы елдердің бірі болып табылады. Мақаланың мақсаты «Халлю» құбылысын және оның еліміздің әлеуметтік-экономикалық өміріне әсерін зерттеу болды. Зерттеу барысында «Корей толқынының» пайда болуының ерекшеліктерімен, даму үрдістері талдау жасалынды. «Жұмсақ күш» механизмінің Оңтүстік Корея экономикасына деген ықпалы анықталды. Жұмыстың зерттеу әдістері ретінде талдау, дедукция, синтез, салыстырмалы және аналитикалық тәсілдерді пайдалана отырып жүргізілді. Сондай-ақ, зерттеу тақырыбына байланысты түрлі ғылыми еңбектер мен мақалалар қарастырылып, БАҚ пен интернет желісінде жарияланған соңғы қолжетімді материалдармен ақпараттар сараланды. Эмпирикалық талдаулар арқылы «Корей толқынының» негізгі бағыттарымен Корея өміріндегі өзгерістер мен оның экономикасының мүлде жаңа деңгейге шығуы арасындағы үздіксіз байланысы зерттелді. Зерттеу жұмысында «Корей толқыны» феноменінің мақсаты Оңтүстік Кореяның ұлттық брендін дамыту және тарату үшін пайдаланылатын жұмсақ күш саясаты ретінде талданды. Сонымен қатар, мысал ретінде, Қазақстандағы кореялық «soft power» механизмінің ықпалының әсері қарастырылды. «Халлю» құбылысының Қазақстанмен Оңтүстік Корея мемлекетінің арасындағы қарым-қатынасқа тигізген әсері сипатталды.