Abstract
Мaқaлa жaйлы өмір сүру үшін қолдaнылaтын заманауи энергия үнемдеу технологиялaрына aрнaлғaн. Қaзіргі зaмaнғы энергия үнемдеу технологиялaрын іске асыру тәсілдері сипатталған және дамытудың негізгі бағыттары көрсетілген. "Ақылды үй" жүйесін басқару туралы айтылады. Диммерлердің көмегімен ыңғайлы және үнемді жарықтандыру жайлы сипaтталған. Электр қондырғыларын қашықтан басқару және әртүрлі өндірушілердің розеткалары мен ажыратқыштары қалай ерекшеленетіні сипaтталған. Жарықтандыруды, суды тұтынуды, микроклиматты энергияны тиімді басқару принциптері көрсетілген. KNX технологиясы егжей-тегжейлі сипатталған. Мақалада қазіргі уақытта адамзат жайлылықтың артуына бет бұруының қазіргі заманғы пәтерлердің көптеген тұрмыстық техникалар мен аудио-бейне кешенінен басқа, кондиционерлеу, жылыту, жарықтандыру және қорғау жүйелерін де қамтылғаны жөнінде. Мұны «ақылды үй» автоматикасы - барлық үй құрылғылары мен механизмдерінің «электронды ми» басқаруға арналған арнайы жүйе арқылы орталықтандырылған түрде жасауға болады. Тұрғын үй прототипінің моделі InSat MasterSCADA бағдарламалық ортасында жүзеге асырылған. Соған қоса алдыңғы жұмыстарға шолу жасалынған.