ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ОРНАЛАСҚАН МОНОҚАЛАЛАРДЫҢ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНА ШОЛУ

2024

Closed access Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-6270.2024.88.4.007
Data confidence 85 high
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Ғылыми мақалада Жамбыл облысында орналасқан Жаңатас және Қаратау моноқалалары-ның соңғы он жылдағы демографиялық жағдайы, халықтың өсім динамикасы, жастық-жыныс-тық құрылымының жалпы өзгеруіне салыстырмалы талдау жасалған. Зерттеудің негізгі мақсаты – Қаратау және Жаңатас моноқалаларындағы қазіргі демографиялық үрдістерді бағалау, сондай-ақ олардың тұрғындарының болашақтағы өзгерістерін болжау. Зерттеуде екі қала тұрғындарының санына 2030 жылға дейін қысқа мерзімді сызықтық экстраполяция әдісімен болжам жасалды. Талдау индикаторлары ретінде жалпы туу, өлім және нәресте өлімі көрсеткіші, халықтың көші-қон айырмасы мен табиғи өсім көрсеткіштері қолданылған. Зерттеу нәтижесі көрсеткендей соңғы он жылда Жаңатас және Қаратау қала-ларының тұрғындарының санында өзгеру тенденциялары бар, оның ішінде жалпы туу көрсеткішінің жоғары деңгейі, көші-қонның теріс ағыны және егде адамдардың көбеюі секіл-ді трендтер анықталды. Зерттеу нәтижесі шағын және моноқалаларға ғылыми демография-лық болжам жасауда және демографиялық тенденцияларды практикалық тұрғыдан түсіну үшін маңызды. Алайда моноқалаларда болып жатқан демографиялық өзгерістер жалпыға ортақ статистикалық мәліметтерде толық көрініс таппауы мүмкін. Қажет деректерді жинау мен есептеудегі әркелкілік, кейбір шағын қалалар бойынша нақты мәліметтердің болмауы немесе жеткіліксіздігі себеп болып отыр. Осыған байланысты зерттеу барысында қолданыл-ған әдістер мен алынған қорытындыларды Қазақстан Республикасының барлық моноқала-ларына тікелей көшіріп, қолдануға болмайды. Әрбір өңір мен шағын қаланың өзіндік әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерін ескеріп, бөлек талдау жүргізу талап етіледі.