СТУДЕНТТЕРДІҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫНҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

2024

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.51889/3005-6217.2024.82.4.007
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мақалада химия мамандығы бойынша білім алатын студенттердіңфункционалдық сауат-тылығының қалыптасуының әдіс-тәсілдері қарастырылады. Заманауи контекстте функцио-налды сауаттылық адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси, экономикалық әрекетінің негізгі факторы саналады. Функционалды сауаттылық тақырыбының өзектілігі қоршаған ортаның қарқынды түрде алмасуымен тығыз байланысты: жаңа технологиялар, жаңа кәсіп түрлері, экономика салалары пайда болуда. Адамның әлеуметтік-психологиялық өзгерісі орын алып жатқандықтан, қоғамда функционалды сауатты мамандарға сұраныс артуда. Сол себепті функционалды сауаттылық қазіргі таңда білім алушы жастардың білім деңгейінің маңызды көрсеткіші болып табылады. Студенттердің функционалдық сауаттылығын қалыптастыру күрделі және көп қырлы процесс болып табылады. Алайда, оқытушылар көбінесе студент-терді қоғамға бейімделуге дайындау қажеттілігін ескере отырып, жалпы білім мен дағды-ларды жеткізуге назар аударады. Кейбір мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігінің төмендігі, сондай-ақ дәстүрлі оқыту әдістерін ұстану студенттердің функционалдық сауаттылығын дамытуды айтарлықтай қиындатуы мүмкін. Сонымен қатар, экологиялық, қаржылық және құқықтық сияқты функционалдық сауаттылықтың өзекті аспектілері жиі назардан тыс қалады.Бұл мәселені шешудің бір жолы-сыныптан тыс жұмыстардың көп санын енгізу арқылы бағдарламаны кеңейту. Мұндай сабақтарда танымдық белсенділікті арттыруға, сыни ой-лауды дамытуға және ситуациялық мәселелерді шешуге бағытталған тапсырмаларды қолда-нуға болады, бұл қазіргі әлемде сәтті бағдарлау үшін қажетті дағдыларды қалыптастыруға ықпал етеді.Мақала авторлары проблемалы оқыту мен контекстті оқыту әдістеріне, заманауи цифрлық технологияларды, зертханалық тәжірибелерді пайдалануға аса назар аударады. Кәсіби құзы-реттілікті дамытатын теориялық, практикалық, зерттеу және коммуникативті білім беру аспектілері сипаталған.